Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Соңғы кезде отбасындағы жанжал деректері өршіген,- ҚР ІІМ

AstanaTV
09.06.2020ж. 20:00
1962
Соңғы кезде отбасындағы жанжал деректері өршіген,- ҚР ІІМ

Соңғы кезде ел аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі өршіген. Бұл туралы іші істер министрі Ерлан Тұрғымбаев онлайн-есеп беру кезінде айтты. Министрдің дерегінше отбасындағы тұрмыстық құқық бұзушылық 25 пайызға артыпты.

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Отбасындағы тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың саны 25 пайызға артып отыр. Төтенше жағдай режимі кезеңінде азаматтардың оқшаулауына байланысты дағдарыс орталықтарының «қауырт желілеріне» зорлық-зомбылық құрбандарының жүгінуі көбейіп кетті.

Министрі тұрмыста құқығы аяққа тапталатындардың полицияға жүгінбейтінін айтты. Тек 10 деректің екеуі ғана арыз жазады деді. Жалпы жыл басынан бері отбасылық жанжал шығарғыштардан зардап шегушілерді қорғау үшін 37 мың қорғау ұйғарымы шығарылып, құқық бұзушыларға қатысты 4,8 мың арнайы талап бекітілгенін. Есесіне республикада қарақшылық, тонау, бұзақылық деректері азайыпты.