Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қызылжарда балабақшадағы балғыннан коронавирус табылып, мекеме карантинге жабылды

AstanaTV
09.06.2020ж. 20:00
2425
Қызылжарда балабақшадағы балғыннан коронавирус табылып, мекеме карантинге жабылды

Қызылжарда үш жастағы қыз баладан коронавирус табылып, бүтін бір балабақша карантинге жабылды. Аймақ дәрігерлері балдырған кеселді әкесінен жұқтырған деп отыр. Отағасы мамыр айының аяғында басқа өңірге сапарға шығып, үйіне ауырып оралған. Араға бірнеше күн салып, оның жұбайы да аталған дертке шалдығыпты. Қауіпті індеттің белгілері тағы екі отбасы мүшесінен табылды. Қазір науқастардың барлығы ауруханаға жатқызылыпты.

Әсет ЖҰМАТАЕВ, ПЕТРОПАВЛ қ. ТАУАРЛАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Қыз бала балабақшаға барған. Онымен бір топта 18 бала болды. Мекеменің 13 қызметкері де байланыста болыпты. Барлығынан сараптама алынды. Балабақша екі аптаға карантинге жабылды. 


Жалпы, елдегі жағдайға тоқталсақ. Бүгінде ел ішінде індетке шалдыққандардың саны 13 мыңнан асып жығылған. Аймақтардың арасында Алматы қаласы көш бастап тұр. Ал, дертінен айыққандар 7 мың 800-ге жуықтайды. Кеселдің құрбандары 58-ге жетті.

А. Құрманкин