Бүгін президент Абу-Дабидің тақ
мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының
орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті. Мемлекет басшысы
екі ел арасындағы сенімге негізделген қарым-қатынасты одан әрі табысты дамыту
керек деді. Қазіргі уақытта экономиканың түрлі секторларында, соның ішінде
мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы және атом өнеркәсібі салаларында бірқатар
бірлескен жобаларды іске асыру жоспарланған. Абу-Дабидің тақ мұрагері екі жақты
байланыстар серпінді дамып келе жатқанын айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел
арасындағы қарым-қатынасты нығайту ісіндегі белсенді рөлін атап өтті. Кездесуде
күн тәртібіндегі халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер де талқыланған.