$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ғаламтор арқылы тараған жантүршігерлік төбелес

AstanaTV
14.07.2020ж. 20:00
17957
Ғаламтор арқылы тараған жантүршігерлік төбелес

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тараған мына видеоның Павлодар облысында түсірілген. Мұны, полиция департаменті растап отыр. Санаулы уақытта ғаламторға таралып кеткен видеода жантүршігерлік төбелес бейнеленген. Бұл, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Әсіресе, кадр сыртындағы біреудің "өлтір" деп айқайлағаны жағаны ұстатты. Видеоны соңына дейін қарап шығу мүмкін емес. Қатыгездік басым.

Фархад МҰРАТБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Видео арқылы төбелеске қатысушылардың жеке басын анықтадық. Оқиға шілденің 7-нде болған. 18-19 жастағы бозбалалар. Зардап шеккен бала полицияға шағымданбапты. Дәрігерге де бармаған.

Жерде жатқанды аяусыз ұрған баланың үстінен іс қозғалды. "Адам өлтірмек болды", деген айып тағылды. Сыртта тұрып қолдау көрсеткен бозбалалар да жауапқа тартылды. Қылмыстық іс сондай ақ видеоны түсірген жасөспірімге қатысты да қозғалып отыр. Сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ө. Қуанар