Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Президенттік кадрлық резерв мүшелері басшылық лауазымда қызметтерін жалғастырып келеді

AstanaTV
28.07.2020ж. 20:00
2145
Президенттік кадрлық резерв мүшелері басшылық лауазымда қызметтерін жалғастырып келеді

Президенттік кадрлық резерв мүшелері, бүгінде басшылық лауазымда қызметтерін жалғастырып келеді. Солардың бірі 31 жастағы Нұрлан Жақсыбеков. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы. Ол кадрлық резервке мүше өзге замандастарымен тығыз қарым-қатынаста екенін айтады. Ал бұл өз кезегінде өзара кеңесуге тиімді және 300 спарталық елдегі актуалды проблемаларды да жиі талқылап отырады, дейді Нұрлан Жақсыбеков.

Нұрлан ЖАҚСЫБЕКОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ СТРАТЕГИЯ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Барлық қыз-жігіттердің бойында патриоттық сезім бар. Елдегі мәселелерді талқылап қана қоймай, оның шешімін ұсынып, идеясымен бөліседі. Біз енді ғана бастап жатырмыз, халыққа пайдамыз көптеп тиюі үшін сәл уақыт керек. Барлығымыз алдағы уақытта өзімізді жақсы қырымыздан танытамыз деп сенем. 

Айта кетейік, жыл басында Президенттік кадрлық резервке іліккісі келген 13 мыңнан астам үміткерден 300 маман іріктеліп алынған.  Нұрлан да солардың қатарында болды. Басты мақсат бір басымдылықты сезіну емес, бағымды сынау болды деп еске алды.
 
Нұрлан ЖАҚСЫБЕКОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ СТРАТЕГИЯ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:


Президенттік кадрлық резервке мүше болу үшін өтініш бергенде қандай да бір басымдылық болады- болмайды деп ойламадым. Өйткені менің ұстанымым - меритократия қағидасы. Жалпы іріктеу әділ өтті. Көптеген жасқа мүмкіндік берді. 

Ә. Өмірзақ