$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елде табиғат тыныштығын бұзатындар көбейген

AstanaTV
30.07.2020ж. 20:00
2286
Елде табиғат тыныштығын бұзатындар көбейген

Пандемия бүкіл елді үйге қуып тыққан шақта браконьерлер қанжығасын майлап жүр. Ай қараңғыда олар киіктерді үйірімен қырып, өзен-көлдегі балықтарды тонналап тоқпен ұрып жүр.

Құзырлы органдар мәліметінше браконьерлер алты ай ішінде жарты мыңнан астам киікті қырып үлгеріпті. Олардан 1,5 мыңнан астам мүйіз тәркіленді. Бұлар ет іздеп шыққандардың емес ақша тапқысы келген заңсыз аңшылардың ісі. Жалпы, биыл жарты жыл ішінде табиғат тыныштығын бұзған 3748 жағдай тіркеліпті. Оның үш мыңнан астамы әкімшілік, 12-сі қылмыстық жауапқа тартылған. Олар қоршаған ортаға 1 млрд 600 млн теңгенің зиянын келтіріпті. Ал, өндіріп алынған айып пұл сомасы болса, 46 млн теңгеге толмайды.

Д. Мұхаммедкәрім