$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Nur Otan» партиясы "Жастарды қолдау" тетіктерін талқыланды

AstanaTV
12.08.2020ж. 20:00
2503
«Nur Otan» партиясы "Жастарды қолдау" тетіктерін талқыланды

Жастар елдің қарыштап дамуына үлес қосуға дайын. Тек билік тарапынан оларға қолдауды күшейту керек. Бүгін «Nur Otan» партиясының орталық аппаратында «Жастарды қолдауға» бағытталған жиын өтті. Отырыста 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасы талқыланды. Партиялық куратор Геннадий Шиповских бұл жобада әрбір жас қазақстандықты жұмыспен қамту, қолжетімді баспана, сапалы білім, азаматтық белсенділік және тұлғалық даму сынды негізгі мәселелерге көңіл бөлінетінін жеткізді. Ол жаңа бағдарламада әр өңірдегі азаматтарға арнап   жол картасын әзірледік деп отыр. Бұл арқылы аймақтармен ғана емес жеке адамдармен де жұмыс күшейетініне сенімді.

Геннадий ШИПОВСКИХ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Алдағы уақытта жастардың түрлі мәселелерін шешіп, жұмыссыздық, үй мәселесі болсын басқа да әлеуметтік мәселелерді шешу ең басты мақсатымыз.

Жиын барысында «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев жасотандық еріктілердің атқарған жұмысына тоқталды.  Оның айтуынша, елдегі қиын кезде «Біз Біргеміз!» акциясына 5 000-нан астам ерікті жұмылдырылған. 250 мың мұқтаж жанға азық-түлік себеттерін үлестірдік,-деді. Елнұр Бейсенбаев пандемия жастардың ерік-жігерін арттыруға сеп болды деп отыр.

Ғ.Өтемісов