$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Соңғы 8 айда Жамбыл облысы дамудың жоғары қарқынын көрсетті

AstanaTV
25.09.2017ж. 20:00
2997
Соңғы 8 айда Жамбыл облысы дамудың жоғары қарқынын көрсетті

Жамбыл облысының дамуы қарқын алды. Соңғы 8 айда әлеуметтік-экономикалық дамуы жоғары көрсеткіштерге ие болған. Ауыл шаруашылығы былтырғы жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға, өнеркәсіп өнімі 0,6 пайызға, құрылыс 0,2; инвестиция көлемі 0,9;  сауда 8,6 пайызға өскен.

Бұл сандар «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХ конференциясында айтылды. Жамбыл облысы әкімінің қатысуымен болған жиын барысында әуелі партияның «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты Сайлауалды бағдарламасының облыстағы орындалу барысы баяндалды. Іс-шаралар жоспары да таныстырылды. Жиындағы екінші мәселе ретінде, «Нұр Отан» партиясы» №31 сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатынан шығып қалған депутатының орнына кандидат ұсыну мәселесі қаралды. Ал, сайлауалды бағдарламасы талаптарын орындаудағы іс-шаралар жоспарына жергілікті атқарушы органдармен тұрақты мониторинг жүргізіліп отыратын болады. Ол шаралар жоспары 110 тармақтан тұрады. Оның 35-ін жергілікті атқарушы органдар орталық мемлекеттік мекемелермен бірлесіп іске асыру тапсырылды.

Эльмира Әбденова, «Нұр Отан» партиясы Тараз қаласы филиалының «Ұлан» БПҰ төрайымы:

Бүгінгі таңда осы жұмыстардың барлығы Елбасының ағымдағы жылдағы, 12-ші сәуірдегі «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» атты тарихи мақаласы аясында атқарылып отыр. Ұлттың рухани жаңғыруына арналған мақаладағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» сияқты мәртебесі биік жобалары барша азаматтық қоғам, оның ішінде жастар үшін маңызы өте биік болып отыр.