$488.45 €529.19 ₽5.04
×

БҚО браконерлер полицейлерді соққыға шыққан

AstanaTV
27.08.2020ж. 20:00
2849
БҚО браконерлер полицейлерді соққыға шыққан

Батыс Қазақстан облысында, полицейлер мен орман шаруашылығы инспекторларын, браконерлер соққыға жыққан. Мұны облыстық полиция департаменті растады. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған. Келеңсіздік тамыздың 21-інде Ақжайық ауданындағы Шабдаржап ауылында болған. Сақшылар Жайық өзенінде заңсыз балық аулаған 20 ауыл тұрғынын ұстаған. Олардан аулаНған балықтарды, 6 ау мен 4 қайықты тәркілепті. Бірақ олжасын бергісі келмеген браконерлер қарсылық көрсеткен. Тіпті ауылдан қосымша адамдар жинап, жанжаЛ шағарған. Төбелес кезінде екі сақшы мен аумақтық инспекцияның, үш қызметкері жараланды. Қақтығысты басуға арнайы жасақ ауылға келген. Қазір тәртіп сақшыларын соққыға жыққандардың біреуі қамауда. Ол осыған дейін адам тонағаны үшін істі болғаны анықталыпты. Егер кінәсі дәлелденсе, үш жылға сотталуы мүмкін.

Болатбек БЕЛГІБЕКОВ, БҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Аталған факті бойынша ҚР ҚК 335-бабының 1-бөліміне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Билік өкiлiне жаңағыдай күш қолданғаны үшін 380-баптың 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Заттай дәлелдемелер толық алынды. Қазіргі уақытта тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта ұсталған адамдардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Е. Карин