Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Павлодар облысында мектеп ғимараты 28 мың теңгеге сатылып кетті

AstanaTV
27.08.2020ж. 20:00
2968
Павлодар облысында мектеп ғимараты 28 мың теңгеге сатылып кетті

Ескі мектеп ғимараты небәрі 28 мың теңгеге сатылып кеткен. Павлодар облысының шенділері бюджетті осылайша толтырып жатқанға ұқсайды. Раздельное ауылындағы мектеп, неге бос қалды? Ол неге сонша арзанға кетті? Өзгеріс Қуанар тарқатып айтсын.

Железин ауданы, Раздельное ауылындағы мектептің бүгінгі сиқы осы. Есік, терезелері қирап, шатыры опырылып түскен. Ғимарат, екі жыл бұрын жеке-меншік қолына өтіп кетіпті. Тегін алмаған әрине. 2018 жылы "бақандай" 28 мың теңгеге сатып алыпты. Бұл, осы мектепте 40 жыл еңбек еткен білікті ұстаз Галина Сүлейменованың "арқасына аяздай батты".

Галина СҮЛЕЙМЕНОВА, РАЗДЕЛЬНОЕ АУЫЛЫНЫҢ БҰРЫҢҒЫ ТҰРҒЫНЫ:

Жақсы, жылы, ремонтын жыл сайын істейміз. Балалар, аналар, әкелер бәрі риза болған. Чтобы, мектеп жылы болды.


"Мектеп сатылады", деген сыбыс шыққанда Галина Сүлейменова қарсылық білдіріп аудан әкіміне бірнеше рет хат жазған. Хаттан нәтиже шықпаған соң әкімге әтейлеп барыпты. Бірақ, басшы мұғалімді қабылдамай қойған. Нәтижесінде мектеп сатылып кетті. Екі жыл өткеннен кейін, бұл хабар аймақ басшысының да құлағына жетті.

Әбілқайыр ЫСҚАҚОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Бір үлкен ғимарат. 1,5-2 мың шаршы метр. 28 мың теңгеге сатылды. Осы нысан ғимараттың тиімділігі қандай? Аудан әкімі тұрғындарды қабылдамай өзі шешім қабылдады. Бірінші, ақылдасқан жоқ. Екінші, қабылдауына келген жанашыр тұрғынды қабылдауына қабылдаған жоқ. Осындай мәселені туындап жатыр.

Аудан әкімінің айтуынша, мектептің бастапқы сомасы әлде қайда қымбат болған. Өтпеген соң, апатты жағдайда тұрған ғимарат он есе арзан бағаға әрең сатылыпты.

Қанат ҚАШКИРОВ, ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біз ол ғимаратты 3 жыл бойы сата алмадық. Бос тұрды. Бастапқы құны 286 мың теңге болды. Ғимарат 1954 жылы салынған. Екі рет конкурс өткіздік. Ешкім алмады. Заңға сәйкес бағаны түсірген соң, 28 мың теңгеге шаруа қожалығы сатып алды.

Келтірген дерекке қарағанда, мектеп еріксіз сатылған. Басында, "Әлеуметтік нысанға айналдырамыз", деген де мақсат болыпты.

Қанат ҚАШКИРОВ, ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Крестяндарға беріп, алыңдар деп. Социальный объект бірдеңе ашайық деп ойлағанбыз. Ешкім алған жоқ оны. 2015 жылдан бастап сатып сатып, 2018 жылы 3 жыл өтіп, тока-тока кісілер алды оны.

Келтірілген деректерге сенсек 28 мың теңге бюджетке түсіпті. Дегенмен құзырлы органдар бұл істі назарларына алды. Басты сұрақ неге ол арзанға сатылды? Негізі Железин ауданы басшыларының басы биыл екінші рет дауға қалып отыр. Мұның алдында Үрлітүп ауылында жер телімі Заңсыз сатылды деген шу шыққан еді.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Раздельное кентінен ел осыдан 5 жыл бұрын көше бастапты. 2015 жылы жалғыз мектеп жабылғаннан кейін, баласы бар отбасылар да үре түрегелген. Нәтижесінде ауылда осы күнде небәрі 46 тұрғын ғана қалды.


Ө. Қуанар