Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қостанайда көпір құрылысынан дау шықты

AstanaTV
01.09.2020ж. 20:00
2057
Қостанайда көпір құрылысынан дау шықты

Қостанайда ескі көпір құрылысынан дау шықты. Ел, тағайындалған өтемақыға разы емес. Жоба бойынша, бұрыңғы көпір жәй ғана жаңармай, ені кеңейіп, ұзындығы созуылуы керек болған. Соған сәйкес көпірге жақын тұрған үйлер бұзылуы тиіс еді. Алайда, тұрғындар төленетін өтемақы көлеміне наразы. Әкімдік болса, жол жиегіндегі жерлерді мәжбүрлеп қайтарып алатын арнайы қаулы шығарыпты. Тараптарды тілшіміз Заңғар Санай тыңдап көрді.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Жоба  бойынша көпірдің ені 24,5 метрге, ұзындығы 250 метрге созылуы тиіс. Дәл осы тұсты төрт жолақты ету үшін жол бойындағы 3 үй бұзылу керек.

Ел арасында "Корей көпірі" аталып кеткен өткелдің жаңғыруына қазынадан 4 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Жөндеу жұмыстары 3 айы бұрын басталып та кетті. Жұмыс қызған шақта үш үй иесі дау шығарды. Олар, әкімдік беретін өтемақыға разы емес. "Бұл жерде баспана, жоқ дегенде 14 млн теңге тұрады, ал билік екі есе аз сома бермек", дейді үй иелері.

Надежда ПАНЧЕНКО, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мамырдың бесі күні бірінші бағалау жобасын алдым. Өтемақы құны 8 миллион теңге көлемінде. Екіншісін пошта арқылы жіберді. Онда 11 миллион теңге көрсетілген. Бұл бағамен де келіспеймін. Әкімдік бізді ескерткен жоқ, бағалау жобасымен таныстырмай жасырын жасады.

Нина Михайлованың бұл үйде тұрып жатқанына 17 жыл болды. Кең жеріне дүңгіршек орнатып, шағын кәсібін де ашыпты. Сауда тоқтады. Ал, үйі мен сегіз сотық жері небәрі 8 млн теңгеге бағаланыпты.

Нина МИХАЙЛОВА, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл үйде өзім, екі ұлым мен келінім және екі немерем тұрады. Алты адам. Енді бәріміз далада қалуымыз керек пе сонда.

Өтемақыға разы емес тұрғындармен әкімдік "басқаша сөйлеспек". Құжаттар сотқа жолданған. Үй иелері де берісетін емес. Олар, "қара шаңырақтарының" қымбат екенін дәлелдеп адвокат жалдамақ.

Руслан НҰРМАҒАМБЕТОВ, ЗАҢГЕР:

Тұрғындар билік тарапынан тағайындалған өтемақымен келіспей отыр. Іс сотқа жетті. Қайтадан сараптама жүргізілетін болады.

Бақтияр ЖҰМАБЕКОВ, ҚОСТАНАЙ қ. ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жері телімдері мен баспанаға қатысты қайтадан бағалау жүргізіледі. Соған сәйкес жер телімін қолданушыларға өтемақы төлеу жөнінде сот шешім шығарады.

Бұл, теке-тірес енді қызатын сияқты. Тараптар, бума-бума құжат жинап сотқа дайындалып жатыр. Үй иелері айтпақшы, баспаналарын әзірге босатпады. Бағасына келіскеннің өзінде тұрғын үйлер келесі жылы  бұзылатын көрінеді.

З. Санай