Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақстандық әскерилер «Армия-2020» халықаралық әскери - техникалық форумына қатысты

AstanaTV
03.09.2020ж. 20:00
2179
Қазақстандық әскерилер «Армия-2020» халықаралық әскери - техникалық форумына қатысты

Отандық сардарлар жаңа әскери техникамен танысып, зерделеп көрді. Ресей астанасында «Армия-2020» халықаралық әскери - техникалық форумы өтті. Бір апта бойы жүрген көрмеге әлемнің 92 елі өкілдері қатысты. Оның ішінде біздің делегеттар да бар. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектанов бастап барған қазақстандық әскерилер, форумда ғылыми-іскерлік бағдарламаларға да қатысты.

Биылғы «Армия-2020» халықаралық әскери - техникалық форумы, халықаралық "Армия" ойындарымен тұспа-тұс келді. Әскери келелі кеңестің өзі Мәскеу маңындағы «Патриот» конгресс-көрме орталығында өтті. Қалың қауым назарына түрлі әскери-әдістемелік бағдарламалар ұсынылған.

Қазақстандық әскерилерді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектанов бастап барды. Олар қару-жарақ пен әскери техниканы дамытудың негізгі бағыттарымен танысты. Қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің ірі өндіруші өкілдерімен кездесулер өткізді. Сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың жекелеген үлгілерімен танысты.

Руслан ОЛЖАБАЕВ, ҚР ҚМ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ САЯСАТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Қару-жарақ пен әскери техниканы дамытудың негізгі бағыттарымен таныстық. Өндірушілермен өткен кездесуде, кей техникаларды іс жүзінде қолданып көру мәселесін талқыладық. Түртіп алғандарымыз бар, оны Қазақстан қарулы күштеріне енгізу мәселесін қарастырамыз.


Осы күнде бүкіл әлем әуе қорғанысына үлкен мән береді. Бұл сала форумның негізгі бөлігіне айналғандай. Өйткені, көрмеде ұшатын аппаратар қарасы аз емес. Техниканы жәй ғана тамашаламай өндірушімен тікелей тілдесуге болады. Көрменің ерекшелігі осы.

Қайрат САДЫҚОВ, ҚР ҚК ӘҚК ӘУЕ ШАБУЫЛЫНА ҚАРСЫ ҚОРҒАНЫС ӘСКЕРЛЕРІНІҢ ҚОЛБАСШЫСЫ:

ҚР Президенті мен Қорғаныс министрі әуе шабуылынан қорғанысқа, қару-жараққа үлкен көңіл бөліп отыр. Осы жерде біз көргендері заманауи, соңғы үлгілері. РФ өздері шығарған техникаларын көрсетті. Біз қайсысын аламыз, сол бағытта жұмыс істейміз.

Бір аптаның ішінде форумға 92 ел өкілдері қатысты. Мұнда ұсынысқа ғана емес екі-жақты қарым қатынасқа да үлкен мән берілген. Кездесу өткізген тараптар әр техника бойынша өздеріне пайдалы ой түйіп қайтты.

Ә. Өмірзақ