Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елордалық үлескерлер пәтерін 10 жылдан бері күтіп жүр

AstanaTV
04.09.2020ж. 20:00
2094
Елордалық үлескерлер пәтерін 10 жылдан бері күтіп жүр

Арман болған баспана. Елордада "Жасыл Астана" атты атауы айқайлап тұрған, тұрғын үй кешені бар. Бірақ, аты бар заты жоқ. Бұл үйдің 400-ге тарта үлескері өз пәтеріне кіре алмай жүр. Өйткені, құрылысы аяқ асты тоқтап қалыпты. "Қара шаңырағым", деп қаражатын түгел салып қойған қара халық қайда барарын білмей дал болып жүр. Мәселені ақ қарасын әріптесім Асылбек Данияр анықтап көрді.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Дәл артымда тұрған көп қабатты үйді тұрғындар 10 жылға жуық уақыттан бері күтіп жүр. Айтуларынша, құрылысқа жауапты мердігер компаниядан да тұшымды бірде-бір жауап болмаған. Сағызша созылған бұл мәселенің қашан шешілері бізге де қызық. Себебі, көріп тұрғандарыңыздай үй маңайында ешқандай жұмыс жүріп жатқан жоқ.

Елорданың қақ ортасында шулаған халықтың талабы біреу. Қып-қызыл ақшаға сатып алынған пәтерлеріне кіріп қоныс тойын тойлағылары келеді. Бұл армандарына 9 жылдан асты. Алайда, 9 қабатты үйдің құрылысы, екінші қабатқа келенде тоқтап қалған. Кейін бұл жұмыс басқа компанияға өтті. Алайда ол да құрылысты созып жүріп алған. Әне-міне кіреміз деп әлі жүргендер арасында жасы жетпіске таяған Татьяна әжей бар. Ол, "Үйіме кіре алмай кетемін бе", деп күйінеді.

Татьяна БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ, ҮЛЕСКЕР:

12 жыл үй ала алмағанда, енді мен қай уақытта аламын. Бұл не деген сұмдық! Бұдан басқа стройкалар жүріп жатыр ғой, 2 жылда қандай үйлерді салып болды. Ертең мүмкін мен болмай қалатын шығармын. 80-де ме қай уақытта үйімді көремін.

"Жасыл Астананың" шапағатын күтіп жүрген 400-ге жуық үлескер бар. Зейнеткер Кенжебек Құрбаналиев пәтер құнын, "Толық төлеп қойдым", деп жүргеннің бірі. Алайда, қарияның көңіл-күйін мердігер компания бұзды. Жуырда олар, "Тағы ақша төлеу керек", деп айды аспаннан бірақ шығарыпты. Ақша талап ету бір бөлек. Үйдің сапасы да күдікті.

Кенжебек ҚҰРБАНАЛИЕВ, ҮЛЕСКЕР:

950 мың тағы сал деді тағы да салдым. Енді кеше айтады дейді, 500 миллион қарыз екен "Зелен строй". Потому что ана үйге жіберген 830 миллионды алсын. Бұл өздерінде ғой салды, енді соған ақшасын қоспайды ма?


Үлескерлердің жан-айқайы әкімдікке де жетті. Кездесуге аранайы өкілін де жіберіпті. Шененуніктің айтуынша, бұл үй мемлекет меншігіне қарамайды. Десе де, "күрмеуі күрделі мәселе", атқамінерлер назарында.

Дәулет ДОСҚҰЛОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ:

Мен өзім, міндетті түрде құрылыстың аяқталу процесіне қатысамын. Бүгінгі күнге дейін объектіде құрылысшылар жұмыс істеп жатыр, бірақ баяу . Қазіргі таңда кіреберіс пен үйдің сырты бойынша ұсақ-түйек жұмыстар жүріп жатыр. Жылу тарту ғана қалды. Менің білуімше, акционерлер нысанды қазан айына дейін аяқтауы тиіс.

Дәл осы құрылыс компаниясына қарайтын тағы бір тұрғын үй кешені бар. Оның да құрылысы 6 жылға созылыпты.

Динара СЕРАЛИЕВА, ҮЛЕСКЕР:


Менің әкем пәтер алу үшін ақша салған. Қазір үй салыну керек болған жерде 5 қада ғана бар. Осы уақыт ішінде анам өмірден озды. Енді, әкемнің қанша күтерін білмейміз.

Құрылысқа жауапты компанияға барып жауап алуға тырыстық. Күзетші, "Кеңседе ешкім жоқ", деп бізді ішке кіргізгісі келмеді.

Алайда компания өкілі ақыры төбе көрсетті. Өзін директордың орынбасарымын деп таныстырған азамат анығын айтып беруге тырысты.

Сергей ИВАНОВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз нысанды 2017 жылы алып, құрылысты бастадық. Ол кезде ғимараттың тек 15% ғана салынған болатын. 362 пәтердің 220-сы, 80-90 мыңға сатылған. Компания бұл кемшілікті жоюды мойына алды. Құрылысты жуық арада аяқтаймыз.

Компания үйді жылыту маусымы басталғанға дейін тапсыруға уәде берді. Ол күн де алыс емес.  Әкімдік бақылаундағы қиын құрылыс енді біздің де назарымызда.

А. Данияр