"Жұрт шетелге шығып жүр, біз тиіп тұрған Атырауға да жете алмаймыз". Алмалы ауылы тұрғындары бүгін редакциямызға телефон соғып, жан айқайын жеткізді. Халықтың күйінетін жөні бар. Өйткені, елді мекен облыс орталығынан бар жоғы 15-ақ шақырым жерде тұр. Оның үстіне ол осы жылы Атырау қаласының аумағына кірген. Автобус қатынасы жоқ. Ал, таксиді елдің қалтасы көтере бермейді. Әкімдіктен қайыр болмағандықтан ауылдағы ағайын бізге телефон соғыпты.
Айгерім ХУСЕЙНОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Қала болдық, енді көркейеміз ба десек, керісінше маршрут жоқ болғаны қиын болып тұр. Қарапайым халық зардап шегіп тұр. Таксилер аспандап тұр.
Осы мәселе бойынша Атырау қаласының атқамінерлеріне хабарластық. Қазір бізбен тікелей байланыста Атырау қаласы Алмалы ауылдық округінің әкімі Гүлшат Аухадиева бар екен. Гүлшат Төлегенқызы, қайырлы кеш. Мәселені естідіңіз, халық осы уақытқа дейін әкімдікке бірнеше рет шағымданып барыпты. Автобусты неліктен алып тастадыңыздар? Қоғамдық көлік ауыл тұрғындарына қашан беріледі?
Гүлшат АУХАДИЕВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ АЛМАЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:
Кешіресіз, қазіргі уақытта бізде автобус пандемияға байланысты кезінде автобустар тоқтатылды. Бірақ 17-нене бері қарай автобус жүріп жатыр. Түске дейін 3 рейс, түстен кейін 6 рейс жүріп жатыр. Алмалы округіне қарасты, Алмалы ауданында да, Берке ауданында да 3 рейстен, 3 рейс, 6 рейс жүріп жатыр. Автобус жақсы қатынап жатыр қазір. Ал енді бұл халықтың сұрағаны Алмалы округіне қарасты Береке Алмалы ауданында автобус тұрақты. Бірақ біздің арғы жағымызда 5 км жерде дача бар. Саяжай. Вот сол саяжай жақта 15 шақты үй тұрады. Сондағы халықтар болмаса, сол халықтарға автобусты апару мүмкіндіктерін ойластырып жатыр. Енді ол автобуспен жүргізу үшін 1-ші тендер ойнату керек. Тағы бір жағдай жол салу керек. Жол салынып, остановка болуы керек. Содан кейін ғана автобустар жүретіндігін ескертеміз. Саяжай бағына қарай. Ал Алмалы мен Береке ауданында қазіргі уақытта 6 рейс автобус жүріп жатыр. Автобус мәселесі енді биыл шешіледі. Тендер ойнатылғанда. Негізі біз Смарт Атырауға хабарласып, хаттар жібердік. Болашақта Алмалы мен Берекеге жаңа үлгідегі автобус жүретіндігін сұраныс беріп қойдық.
Сұхбатыңызға рақмет Гүлшат Төлегенқызы. Бұл мәселе шешімін тапқанша біздің бақылауымызда болады. Қымбатты көрермен, "Телерепортер" айдары қайта іске қосылды. Сіздің де өзекті мәселеңіз болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмірге хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болад
Ғ. Өтемісов