Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Павлодар облысының шенеуніктері сөзінде тұрмады

AstanaTV
09.09.2020ж. 20:00
3199
Павлодар облысының шенеуніктері сөзінде тұрмады

Павлодар облысының шенеуніктері сөзінде тұмады. Редакциямызға хабарласқан Баянауыл ауданындағы Жаңатілек елді-мекенінің тұрғындары осылай дейді. Ауылда ғаламтор әлі жоқ.  Шағымнадған тұрғынның айтуынша, өткен оқу жылының соңында интернеттен проблема туындап, әкімдікке шағымданған. Ал, атқамінерлер бұл мәселені сабақ басталғанша шешеміз деп уәде берген. Бірақ әлі күнге уәде орындалмапты.  

Марал, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ ТҰРҒЫНЫ:

Әкім оқу жылына дейін құрып береміз деген, бәрін қызықтырып қойды. Бірақ әлі жоқ. Менің үйімде мүмкіндігі шектеулі бала бар. Оған интернет керек, ол үйде оқиды. Сол бізде WhatsApp ашылмайды,  интернет жоқ. Карантин бітсін құрамыз деген, одан бері тұр. Сымдары кіріп тұр, бірақ жоқ интернет.

Осы мәселе бойынша Павлодар облысының атқамінерлеріне хабарластық. Қазір бізбен тікелей байланыста Баянауыл ауданының әкімі Қанат Каримов бар екен. Қанат Сәрсенұлы, қайырлы кеш. Мәселені естідіңіз, айтылған сөз- атылған оқпен тең дейміз. Неге бұл проблеманы шеше алмай отырсыздар? Уәделеріңіз қайда? Оқушылардың барлығы бағдарламадан қалып жатыр!

Қанат КАРИМОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІ:

Қайырлы кеш! Жаңатілек ауылында талшықты оптикалық байланыс арқылы интернет желісі орнатылуда. "Қазақтелеком" АҚ жүргізіп жатыр жұмыстарын. Қазіргі таңда ауылдағы 197 үйдің 172-сіне интернет кіргізілді. Ал, оқушылар беллайн желісімен онлайн мектеп платформасында сабақ алуда.  


Қанат мырза, осы Жаңатілек елді-мекенінің тұрғындары интернет жоқ деп сіздерге ағымдағы жылдың наурыз айында хабарласқан. Сіздерге проблеманың барлығын айтқан, оқу жылының басында шешеміз дедіңіздер уәделеріңізде тұрмадыңыздар, интернет  жоқ, я байланыс жоқ. Енді бізге есеп бермей нақты айтсаңыз. Бұл мәселені қашан шешесіздер?

Қанат КАРИМОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІ:

Интернет бар оқушыларда , коронавирус індетіне байланысты  "Қазақтелеком" жұмыскерлері тамыздың 17-снен бастап ауылға жұмыстарға кірісіп кетті. Бүгінгі жауаптары осы айдың 20 жұлдызына дейін бүкіл үйлерге интернетті орнатып береді. Ал, енді оқушыларға бізде он бала бар 213 баланың ішіндегі 10 баланың үйлерінде интернет жоқ. Олар бірақ беллайн мобильдік желісімен онлайн мектеп платформасынан сабақ алуда.

Қанат мырза, біз сіздің уәдеңізге сенейік,  осы жолы тағы да. Енді 10 күн қалды қыркүйектің 20-сына дейін шешіледі десеңіздер аз ғана уақыт қалды.  Енді әкімдік тарапынан осы мәселені қатаң бақылауыңызға алып, тез ара шешіп берсеңіздер деген өтінішіміз бар. Бұл мәселені біз бақылауымызда ұстаймыз. Қайтадан хабарласамыз сіздерге. Қымбатты көрермен, "Телерепортер" айдары қайта іске қосылды. Сіздің де өзекті мәселеңіз болса, хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге жауабын іздейміз.

А. Данияр