Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Көп балалы отбасы бір смартфонмен сабақ оқуға мәжбүр

AstanaTV
10.09.2020ж. 20:00
2319
Көп балалы отбасы бір смартфонмен сабақ оқуға мәжбүр

Елордадағы көп балалы ана Серікгүл Кенжелхан балаларының оқуына қажет техниканы әлі алмаған. Арнамызға хабарласқан тұрғын, үш баласының мектеп жасында екенін айтты. Сабақ басталғалы 10 күн өтсе де не компьютер, не планшет әлі берілмеген. Балалардың күні - тозығы жеткен жалғыз смартфонға қарап отырғанын жеткізді. Тындап көрейік.

Серікгүл КЕНЖЕЛХАН, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Интернет қана берді, компьютер бермеді. Соц педагогпен кездескен едім, сіз АӘК алмайсыз деп бермеді. Балаларым сабақты әлі бастаған жоқ.

Шағымданған тұрғынның мәселесін біздің арнамыз қалалық әкімдікке жеткізді. Мәселеге- мектеп басшылығы жауап береді деді. Бізбен қазір байланыста №83 мектеп-гимназияның директоры Сәуле Теменова бар. Қайырлы кеш! Сәуле ханым, алдымен атаулы әлеуметтік көмекті нақтылап алсақ. Көмекті алмаған болса компьютер берілмейді дегені қаншалықты рас? Бұл- екі бөлек мәселе емес пе?

Сауле ТЕМЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. №83 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Республикалық «мектепке жол» акциясы бойынша ең бірінші АӘК алатын отбасыларға, олардың саны 237 біздің мектепте, 8 жетім бала бар, 77 ерекше күтімді қажет ететін балалар алдымен қамтамасыз етіледі. Сосын басқа көмек қажет ететін отбасыларды роутер, компьютермен қамтамасыз етеміз.


Сәуле ханым, енді осы көпбалалы ананың балаларына техника бұйыра ма жоқ па?

Сауле ТЕМЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. №83 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Берілді, өітніш жасағат ана қыркүйектің 3-і роутер алған. Ал компьютер жоғарыда атап өткен балаларды қамтамасыз еткен соң бұл кісіге де берілді.

Ол кісі сіздің мектебіңізде болған екен, бірақ мұндай проблеманың пайда болуына не себеп болды? Дұрыс түсіндірмеген бе  мұғалімдер?

Сауле ТЕМЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. №83 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біздің мектебімізде техника қажет ететін балалардың саны көп болды. Соны жеткізу қиындау болды. Бірақ бүгінгі күні барлығына жеткіздік.

Сұхбатыңызға рақмет! Бұл отбасының сабаққа қажетті техникамен қамтылуын біз өз тарапымыздан бақылауда ұстаймыз. Бұдан-былай мұндай келеңсіздік болмайды деп сенейік. Қымбатты көрермен, "Телерепортер" айдары қайта іске қосылды. Егер сіздің де өзекті мәселеңіз болса, экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

Ә. Өмірзақ