Оралда 54 жасар азаматты өлтіріп кеткен күдікті ұсталды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 38 жастағы күдікті ізі-суымай ұсталған. Ол, осы уақытта уақытша оқшалау абақтысында қамауда отыр. Сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары, қаза болған адамның да оны өлтірген күдкітінің де кім екенін ашып айтпай отыр. Белгілісі қанды оқиға қыркуйектің 15 таңғы 7-де болған. Күәгерлердің айтуынша, ішімдікке тойып алған екі қаңғыбас, көшеде сөзге келіп қалыпты. Алайда, бұл ақпаратты құзырлы органдар растамады. "Барлық ақпарат сот-дәрігерлік сараптамадан кейін беріледі", деді полиция департаментінің өкілі.
Болатбек БЕЛГІБЕКОВ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Күдікті ретінде 1982 жылғы Орал қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Аталған қылмыстық факті бойынша ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полицияның дерегіне қарағанда, Оралда кісі өлімі көбеймесе азаймай отыр. Өткен жылы 48 азамат адам қолынан қаза тапса, биыл жыл басынан бері осындай 60 өлім тіркеліпті.
Е. Карин