Керекуде жарты млрд теңгеге
бағаланған диагностикалық орталық электрондық саудада сатылмай қалды. Бұл
жайында арна тілшілеріне облыстық қаржы басқармасының өкілдері хабарлады.
Алдағы уақытта нысан екінші сатылымға қойылады. Медициналық мекеменің ол
кездегі құны ережеге сәйкес екі есеге арзандайды, -деді мамандар. Бәссаудада
диагностикалық орталықтың құны 557 млн теңге деп бағаланған.
Ал сатылымға
шығарылған Павлодардағы №1 және №2 емханалар сатылды. Сенімгерлік басқару
талабымен қос нысан шамамен 2 млрд теңгеге өткен. Бастапқы құны 225 және 389
млн-ға бағаланған болатын. Қаржы басқармасы өкілдерінің айтуынша, жаңа
қожайындар кепілдік мерзімі аралығында медициналық мекемелердің профильдік
бағытын сақтап қалуға міндетті. Бір жылдан кейін оны жекешелендіруге құқылы.
Қадиша Беготаева, Павлодар облыстық қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
Барлық тиісті шаралар,
хабарламалар жасалды. Бірақ орталықты сатып алуға үміткерлер болмады.