Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Елордалық мүгедектер отбасы баспанаға мұқтаж

AstanaTV
22.09.2020ж. 20:00
1745
Елордалық мүгедектер отбасы баспанаға мұқтаж

Елордалық мүгедектер отбасы далада қалуы әбден мүмкін. Өйткені, олар паналауға мәжбүр болған баспана, қазір құлаудың алдында тұр. Нұр-Сұлтанның қытымыр қысынан үркіген ерлі-зайыпты, үйіндінің астында қаламыз ба деп қауіптеді.

Айя МҮТӘЛІ, ТІЛШІ:

Мына қабырғасы сөгіліп, іргетасы әбден үгітілген үйде адам тұрады дегенге сену қиын. Оған мұндағы қолқаны қабатын сыз тартқан иісті тағы қосыңыз. Алайда, «барар жері, басар тауы» қалмаған қарт кісілер үшін бұл жердің өзі әжептеуір пана болып отыр.

Көз жасын тия алмай отырған Жәмиля Төленованың баспанасы осы. Өзі 3-топтағы мүгедек. Қант диабетімен ауырады. Күйеуінің де денсаулығы көңіл көншітпейді. Өкпе демікпесімен қазір аурухана төсегіне таңылған.

Жәмиля ТӨЛЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Көзің көрмейді деп уже жұмыста да кішкене выговор естимін. Ертең мені жұмыстан шығарып жіберсе, ертең алған 32 мыңға қалай өмір сүремін. Дәрі аламын, тамақ аламын вообще ештеңеге жетпейді.

70 жылдары бой көтерген баспананың  қабырғасы 5 жыл бұрын қақырай бастапты. Ерлі-зайыптылардың жағдайымен әкімдік те жақсы таныс. Үйді 80 пайыз апатты деп танып, жаңа баспанаға кезекке де қойған. Алайда, мүгедектер жақын арада үйлі бола алмайтынын кесіп айтты. Себебі, Елордада тұруға жарамсыз 92 үй бар.  

Арманай ОҢҒАРБАЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ "ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ" КММ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:   

Қазіргі таңда енді Тұрғын заңы бойынша біз ешқандай Тұрғын үй бағдарламасымен ұсына алмаймыз. Себебі ешқандай Тұрғын үй бағдарламасы қарастырылмаған бұл санатқа.  Себебі атында мүлік бар. Аварийный  болса да ол мүлік болып есептелінеді.

Сайып келгенде, мүгедектер отбасы сол қорқынышты үйде әлі біраз түнейтін сияқты. Әрине, демеушілер табылып қалмаса.

А. Мүтәлі