Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Елордада тұрғын үй сертификатын алатындардың санаты кеңейтіледі, - А.Көлгінов

AstanaTV
22.09.2020ж. 20:00
1870
Елордада тұрғын үй сертификатын алатындардың санаты кеңейтіледі, - А.Көлгінов

Елордада тұрғын үй сертификатын алатындардың санаты кеңейтіледі. Бұл туралы партия белсенділерімен өткен кездесуде елорда әкімі Алтай Көлгінов хабарлады. Бұл тізімде толық емес отбасылар, көпбалалы, мүгедек бала бағып отырған жанұялар бар. Енді олардың қатарына әлеуметтік аз қамтылған санаттағы өзгелерде қосылмақ.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

2030 жылы Нұр-Сұлтан қаласында 1 млн 200 мың халық болады деген. Бірақ 2020 жылы 1 млн 200 мың халық болып отыр. Бұл дегеніміз адамдарға көбірек тұрғын үй салу керек.


Айта кетсек, «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға әрбір өңір, қала және аудан бойынша 216 сайлауалды бағдарламаларының жобалары primaries.kz сайтында жарияланған. Оған кез-келген тұрғын кіріп, жобалармен таныса алады. Сондай-ақ жиынға қатысқан Ерлан Қаналимов, праймериздің маңыздылығына тоқталды.

Ерлан КАНАЛИМОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Елордалық партия филиалында партияға мүше азаматтардың саны 50 мыңнан асады. Праймериз басталғалы қатарымызға 15 мың адам қосылды. Қазір саяси науқан өтіп жатыр, маңыздылығы жоғары. Сондықтан қаупсіздікке жіті мән беріп отырмыз. Арнайы бағдарлама үлкен тексерістерден өтті. Оны пайдаланып, өтірік дауыс жинау мүмкін емес.

Ә. Өмірзақ