Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

7 мың тұрғыны бар Көксу ауылдық округінің тұрғындары көгілдір отынға жете алмай отыр

AstanaTV
07.10.2020ж. 20:00
2567
7 мың тұрғыны бар Көксу ауылдық округінің тұрғындары көгілдір отынға жете алмай отыр

Табиғи газ тарту үшін жиналған қаражатты, мердігер қалтасына басып алған. Көгілдір отынды зарыға күткен жұрт бүгін арнамызға хабарласып, осыны айтты. Түркістан облысындағы 7 мыңға жуық тұрғыны бар Көксу ауылының тұрғындары мәселеге араласуымызды сұрайды. Айтуларынша газ кіреді дегелі бір жылдан асқан. Құбыр тарту жұмыстары басталғанымен, қазір тоқтап тұр. Көрерменнің шағымын тындап көрейік.

Жарас ҚОШҚАРБАЕВ, КӨКСУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
2019-дың ішінде бітеді деп естіген болатынмын. Кейін 2020 жылдың октябрь айына дейін созды деп ауыл әкімшілігінен естіген болатынбыз. Осы газ құбырын жүргізу жұмысы мүлде тоқтаған. Мердігер компания толық ақшасын өзінің атына аударып алған.

Осы мәселе бойынша қазір Түркістан облысы Шардара ауданы әкімдігіне хабарласып көрейік. Қазір бізбен байланыста тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ербол Шагирбаев бар екен. Қайырлы кеш, Ербол мырза! Халық көгілдір отынға ақша жинадық, бірақ оны мердігер қалтасына басты дейді. Бұл рас па?

Ербол ШАҒЫРБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ШАРДАРА АУДАНДЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Жоқ, мердігерге толық ақшасы аударылмаған. Қалған қаржылары бар бізде. Бұл мердігерге жұмысты жәй жүргізгені үшін шара қолданғанбыз. "Мақтарал ауызсу жүйелері" ЖШС жеңімпаз болып анықталған еді.

Ауылға газ қашан келеді, нақтысын айтсаңыз?

Ербол ШАҒЫРБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ШАРДАРА АУДАНДЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Қазан айының аяғында толық бітіреміз деп отырмыз.

Сұхбатыңызға рақмет, Ербол Нағашыбайұлы! Биылғы қыста Көксулықтар көмір емес, газ жағады деп сенейік. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған проблема болса - экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласып, аудио немесе видео жолдаңыз. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

Ә. Өмірзақ