Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Үш жүздей өзбек Қазақстан мен Ресей шекарасында түнеп жүр

AstanaTV
21.10.2020ж. 20:00
1917
Үш жүздей өзбек Қазақстан мен Ресей шекарасында түнеп жүр

300-дей өзбек Қазақстан мен Ресей шекарасында сабылып жүр. Олар Қараөзек шекара бекеті  арқылы елдеріне өткізі келеді. Барар жер, басар тауы жоқ еңбек мигранттары далада тамақ ішіп, көлікте ұйықтауға мәжбүр. Араларында балалар да бар. Ең кішісі - 3 айлық сәби. Әзірге оларға сол маңдағы Краснояр ауданы мен өзбек диаспорасы ас-су, керек-жарақпен көмек көрсетуде. Ала шапандылардың ашық аспан астында арып-ашып жатқандарына 10 шақты күн болған.
 
ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТЫ:

Атырау облысы арқылы өткізсе, Қарақалпаққа жетіп аламыз. Бар-жоғы 250 шақырым. Біз де мұсылманбыз. Қиналып жүрміз. Арамызда жас балалар бар. Тәулік берсеңіздер болды. Қаласаңыздар Қазақстан аумағында бір де бір жүргізуші жолда тоқтамайтын болады.


ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТЫ:

Бәрінің короновирусқа ПЦР тест нәтижесі бар. Кейбірі 2-3 рет тапсырған. Егер қаласаңыздар тағы да тапсырамыз. Арамызда ауру жоқ. Бәрінің денсаулығы жақсы. Біз де аяп, көмектесуді сұраймыз Қазақстан үкіметінен.

Қазір олардың қасында Астраханьдағы «Өзбекстан» қоғамдық ұйымы жетекшілері жүр. Олар да бұл мәселе тезарала Үкіметтік деңгейде шешуді қажет етеді деді.

Баходир АМИНОВ, «ӨЗБЕКСТАН» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Мында адамдар өте көп. Қазақстан шекарасынан біртіндеп өткізіп жатыр деп естіп жиналған. Олар екі-үш айдан бері сабылып жүр. Біресе Орынборға барады, ол жерден өткізбейді. Қазір олардың баратын жері, қалталарында ақшасы жоқ.

Б. Нәдірқызы