Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Бауыржан Байбек Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы халықаралық партияаралық форумына қатысты

AstanaTV
22.10.2020ж. 20:00
1996
Бауыржан Байбек Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы халықаралық партияаралық форумына қатысты

Бауыржан Байбек Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы халықаралық партияаралық форумына қатысты. Бейнеконференция режимінде жүрген форум жұмысына Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттерден басқа ТМД мен БРИКС елдері партияларының өкілдері қатысты. Күн тәртібіне, жетекші партиялардың пандемия кезіндегі әлеуметтік-экономикалық іс-қимылын үйлестіру. "Әлем осы күнде жаһандық дағдарысты бастан кешуде. Экономикалық өсім төмендеп, сауда-саттық байланыстар үзілді. Геосаяси ахуал қиындады. Билік партиялар арасында тығыз байланыс орнату керек", деді өз сөзінде "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құрылуына бастамашылардың бірі болған Шанхай ынтымақтастық ұйымының Еуразия құрлығының басым бөлігінде нарықты дамыту мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әлеуеті зор. Жүйелі реформалармен бірге интеграциялық жобаларға қатысу, серіктес елдермен сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету Қазақстан экономикасының дамуына қолайлы әсер етті.

Бауыржан Байбек сондай ақ «Nur Otan» партиясы халықаралық ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін атап өтті. Форум қатысушыларына денсаулық сақтау саласында өзара іс-қимылды күшейтіп, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін бірге талқылауды ұсынды.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұған дейін ШЫҰ-ның Ақпараттық қауіпсіздік орталығын құру идеясын жариялаған болатын. Серіктес елдерде интернет-технологиялардың рөлі еселеп артқанын ескерсек, мұның өңірдегі киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің пәрменді құралына айналуға әбден мүмкіндігі бар.


Айта кетсек, халықаралық партияаралық форум екі күнге созылады. Жиын соңынан партиялар арасындағы ынтымақтастықты айқындайтын қорытынды құжат қабылданады, деп күтілуде.

Ә. Өмірзақ