Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қызылордалық белсенді жастар студенттік жатақханалар жағдайын тексерді

AstanaTV
22.10.2020ж. 20:00
1834
Қызылордалық белсенді жастар студенттік жатақханалар жағдайын тексерді

Сыр өңірінде студенттік жатақханалардың кейбірі талапқа сай емес. Мұны, «Jas Otan" жастар қанатының мониторингтік тобы анықтап отыр. Өткені жылы сондай, жағдайы жоқ жатақхананың бірі жабылған. Белсенді жастар биыл тағы арнайы рейдке шығып Қызылордадағы 10 студенттер үйін толық аралап шықпақ. Алғашқы тексеру, Қорқыт Ата университетіне қарасты №5 жатақханада өтті. 2013-ші жылы ғана пайдалануға берілген 400 орындық студенттер үйінде студенттерге қажетті жағдай бар көрінеді. Жасотандықтар мониторинг кезінде, жатақханалардағы жатын орын жағдайын, интернет желісі мен ғимараттың ішкі жағдайын бағалады.

Әсем ҚАҚАРМАНОВА, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Жатақханаларын тексердік. Барлық талаптар нормаларға сай. Жаңа жатақханалар және тұрып жатқан студенттер де өздерінің оң бағаларын беруде. Мобильді топ осы айдың аяғына дейін қаладағы барлық оқу орындарының жатақханаларына маниторинг жұмыстарын жүргізетін боламыз.


М. Тоқтасынқызы