Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Есектің сүті кімге сатылып жүр?

Есектің сүті кімге сатылып жүр?

Таразда есек байлап сүтін сатып отырған ферма бар. Бұл ақпарат шындыққа жанаса ма деген ақпаратты "Астана Times" қазанның 19 күні берген. Сол кезде тараздық атқамінерлер, "Көше-көшені аралап ферманы іздеп көреміз", деген уәде беріп еді. Бір апта өтті. Бүгін біз осы тақырыпты тағы бір қозғамақпыз. Арнайы мамандармен де сұхбаттастық. Сарапшылардың айтуынша, "Есек сүті пайдалы", деген жансақ пікір. Оның құрамында тіпті, қатерлі ісік аурын қоздыратын зиянды элементтер бар көрінеді. Ғалымжан Өтемісов тақырыпты жалғастырсын.

Әншейінде есекке келгенде, «Еңбегі адал, еті арам» дейтініміз бар. Бірақ мына видео тарағанда, түрлі диван сарапшылары, "Есектің сүті пайдалы", дегенді шығарды. "Қатерлі ісікке шипалы", дейді білгіштер. Алайда, ол нағыз фейк. "Есектің сүті ракты емдемейді, керісінше қоздырады, дейді сарапшылар. Оның сүтінде түрлі зиянды микробтар көп көрінеді.

Қуандық ХОНАЙ, САРАПШЫ:

Адам ағзасына неше түрлі микроб кіреді. Футоксин деген микроб болады. Адам денесіндегі барлық ауруды қоздырады ол.

Ал, фермадан түсірілген видео әлеуметтік желі арқылы тарап талай адамда шошытты. Әсіресе, "Бұл видео өзіміздің Тараздағы Киров көшесінде түсірілген", деген ақпарат елді дүрліктірді. Ал, бейнемен ілесіп жүрген аудио хабарламалар болса тұтынушыларды тіпті үркітті.

Қазнетті жарған видео қоғамда түрлі пікір тудырды. Дені, "Есек сауғандарды тауып жазалау", керек деп отыр.

Тараздағы шенеуніктер болса, Киров көшесінен ондай ферманың табылмағанын алға тартып отыр. "Бұл видео басқа елде түсірілген дейді, инспекторлар.

Жандар ҚОЕКИЕВ, ҚР АШМ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Есек асырау ол оңай шаруа емес. Біз іздемесек те ол ақырып-шақырады. Сондықтан оны айтып қояды адамдар. Бізде ондай мүмкін емес сізге гарантия берейін.


Ғалымжан ӨТЕМІСОВ, ТІЛШІ:

Ветеринарлық инспекцияның сөзіне қарағанда бұл бейне жазба басқа елде түсірілу мүмкін. Ал, қазақша сөздер видеоның үстінен салынған дейді, Қалай болғанымен мамандар дөп басып, нүкте қойған жоқ. Видеоны таратқан адамдар әлі іздестіріліп жатыр. Яғни, бұл тақырыпқа әлі оралуымыз мүмкін.

Ғ.Өтемісов