$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Короновирустық инфекция жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төлеуді жалғастыру керек - А.Перуашев

AstanaTV
28.10.2020ж. 20:00
1387
Короновирустық инфекция жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төлеуді жалғастыру керек - А.Перуашев

Короновирустық инфекция жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төлеуді жалғастыру керек. Мәжілістегі "Ақ жол" фракциясының жетекшісі Азат Перуашев бүгін Үкіметке осындай талап қойды. Депутаттың айтуынша, егер төлем жалғаспаса, онда пандемия кезінде ауруханада дәрігер қалмауы мүмкін. Ал, әлемде болса қытайлық індеттің екінші толқыны басталды деген қауіп бар. Естеріңізге сала кетейін, 1 апта бұрын ведомствоАралық комиссия COVID-19-ға шалдыққан дәрігерлерге өтемақы төленбейтінін мәлімдеген.  Денсаулық сақтау министрлігі мұндай қолдауды енді тек кәсіподақтар мен жергілікті атқарушы органдар жасайды, деді.

Азат ПЕРУАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АҚ ЖОЛ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Кәсіподақтар емделу үшін 3 айлық еңбекақыдан артық ақша төлей алмайды. Оның үстіне короновирус бір адамға ғана жұқпайды, бүкіл отбасына тарайды. Мұндай кезде ол ақша тіпті дәрі-дәрмек пен тамаққа да жетпей қалады. Ал жергілікті бюджетте мұндай шығын атымен жоқ, яғни төлем қарастырылмаған.

А. Мүтәлі