Қостанайда жеке тұрғын үйге жақын кәріз құдығынан, адам қаңқасы табылды. Полицияны қала тұрғыны шақыртқан. Ол бірнеше жыл бұрын үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіпті. Оған адам жалдағанын айтып берген. Кәріз құдығында сол жұмысшылар жаңалапты. Тәртіп сақшылары қанды оқиғаның 3 жыл бұрын жасалғанын анықтады. Күдікке іліккен құрылысшыны да тапқан.
Жеңіс АХМЕТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Үш адам анықталды. Оның ішінде негізгі біреуі күдікті. Қазіргі таңда ұсталып, қамауға алынды. Ал екеуі куәгер. Жаңағы күдіктіге қатысты 99 баптың 1 бөлігі, адам өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.
Кісі қолынан мерт болған марқұмның кім екені әзірге белгісіз. Алайда полиция жоғалған адамның қаңқасы болуы мүмкін деген болжам айтады. Кәрізден із-түзсіз кеткен жігіттің киімдері табылған. Оған арнайы сараптама тағайындалды.
З. Санай