$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Павлодарда балық өсірумен айналысатын жалғыз кәсіпорын жабылып қалуы мүмкін

AstanaTV
02.11.2020ж. 20:00
2225
Павлодарда балық өсірумен айналысатын жалғыз кәсіпорын жабылып қалуы мүмкін

Павлодарда балық өсірумен айналысатын жалғыз кәсіпорын жабылып қалуы мүмкін. Өйткені, Ақсу қаласының әкімдігі жерді қайтаруды талап еткен. Кәсіптен нәсіп тауып отырған кәсіпкер арнамыздан араша сұрады. Тараптарды тындап, мәселеге үңілген әріптесім тақырыпты тарқатады.  

Александр Веретенниковтың балық шаруашылығымен айналысқанына 12 жылдан асқан. Балық өсіріп, оны сатуды кәсіп етеді.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Бұл - аймақтағы балық өсірумен айналысатын жалғыз шаруашылық. Мұнда балықтың 2 түрі өсіріледі. Биыл тоғандарға 500-ге жуық балық жіберіліпті.


Соңғы кезде кәсіптенде береке қашқанына алаңдаулы. Жергілікті әкімдік жерді мақсатсыз пайдаландың деп, оны қайтаруды талап еткен. Ақыры сотқа беріп, жердің жалға алу құқығын 5 жылға ұзартып алыпты. Бірақ мұнымен мәселе бітпеген.

Александр ВЕРЕТЕННИКОВ, КӘСІПКЕР:

Мен бұл жерлерді өңдеуге 500 миллион теңгедей қаржымды жұмсадым. Бос жатқан жерге тоғандар жасап, су жүргіздім, балық өсірдім. Сондықтан, әкімдіктің маған жерді дұрыс пайдаланбады - деуі қисынсыз. Менде бос жатқан жер жоқ.

Жергілікті билік даудың басталғанына біраз болғанын мойындайды. Олар, кәсіпкер жерді балық өсірем деп алып, мал ұстауға пайдаланып отыр деді.

Асқар АСТАЕВ, АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Азамат Веретенников балық шауашылығына арналған территориясында заңсыз мал қорасы салынған бетоннан. Оған ешқандай рұқсат алу қағаздары жоқ. Бұл құрылыстың техникалық құжаттары жоқ.

 
Серік ҚАСЕНОВ, АҚСУ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Шабындық жерлер 4 жылға беріледі. Көп болса, 5 жылға. Сондықтан, жанағы шабындық жерлер нысаналы мақсатына игерілмегендіктен, бас тартылып тұр.


Дегенмен тартыс әзір бітпейтін секілді. Әкімдік әлі де тексеріс жүргізетіндерін айтты. Ал кәсіпкер мұнымен іс тоқтамайтын болса, тағы да сотқа жүгінуге шешім қабылдап отыр.

Ө. Қуанар