"Nur Otan" партиясының өңірлік филиалдарында өтетін конференциялар кестесі жарияланды. Жиын кезінде барлық деңгейдегі мәслихаттар мен Мәжіліске енетін партиялық тізім үміткерлері анықталмақ. Конференция қарашаның 10-ы Шымкентте, 11-і Алматыда, 12-сі Нұр-Сұлтанда, Ал, 16-сы күні Алматы, Қарағанды және Қызылорда облыстарында өтеді. Қалған өңірлерде конференция осы айдың 17-не жоспарланды.
Партиялық жиын барлық санитарлы-эпидемиологиялық талаптарға сай ұйымдасады. Мұны бас партияның баспасөз қызметі хабарлап отыр. Ал, конференцияның өзі партияның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары арқылы онлайн түрде көрсетіледі. Жалпы бұл жиын екі түрлі формат бойынша жүреді. Аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі конференциялар пікір-сайыс және сұрақ-жауап түрінде өтеді.
"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Конференцияларда шешім қатысушы делегаттардың көпшілік дауысымен қабылданады. «Праймериз» ақпараттық жүйесінде өтетін пікірсайыстардың қорытындылары бойынша, дауыс беруді қоспағанда, делегаттың қол немесе мандатын көтеруі арқылы өткізіледі. Пікір сайыстың бірінші раундында үміткерлер тұрғылықты жеріндегі өзекті мәселелерге қатысты көзқарасын ұсынады.
А. Данияр