$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда жастардың еңбекке бейімделуі талқыланды

AstanaTV
03.11.2020ж. 20:00
2354
Павлодарда жастардың еңбекке бейімделуі талқыланды

Павлодарлық "jasotan-дықтар", жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өкілдері мен жастардың басын дөңгелек үстел басына жинады. Ортақ тақырып - «Жастарды еңбекке әлеуметтендіру». Мақсат - жастарды еңбекке баулу, әрі жұмыссыз жүрген жастарды жұмыспен қамту. Қазір аймақтағы жұмыссыздардың 1400-і осы санатқа жатады. Олардың «екі қолына бір күрек» тауып беру жолдары талқыланды. Бұдан өзге жастардың еңбекке икемдеудің тетіктері қарастырылды. Жалпы Павлодар облысында 160 мыңнан астам жас бар. Олардың 72 мыңы жұмысшы жастарды құрайды.

Ғабит ХАФИЗ, "JAS OTAN" ЖҚ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Биыл өздеріңіз білесіздер пандемия жағдайы болып, көптеген мекемелерде ұйымдарда мораторий боп жұмысқа қабылдадамады. Көптеген кәсіпорын жұмысын тоқтатып қысқарды. Қазір бұл тақырып өзекті. Бірақ алдағы уақытта пандемиядан шығу жағдайынан кейін осы жастар жұмысын табады және де еңбекке әлеуметтенуі оңды сәтті өтеді деп ойлаймын.

Ө. Қуанар