$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тұрғындар ескі мектепке жапсарлас құрылыс жасап, оған 250 млн теңге жұмсауға қарсы

AstanaTV
16.11.2020ж. 20:00
2139
Тұрғындар ескі мектепке жапсарлас құрылыс жасап, оған 250 млн теңге жұмсауға қарсы

Жамбылдың Малдыбай ауылының тұрғындары, тозығы жеткен ескі мектепке, қомақты қаржы жұмсап, жаңа кабинеттер қосуға қарсы. Олар 250 млн теңгеге одан да жаңа мектеп салсын дейді. Әкімдіктегілер бұл қаржыға 2 кабинет пен спорт залын салмақшы болыпты. Ал, Малдыбайлықтар бұған мүлде келісер емес. Тараптарды тындап қайтқан өңірдегі әріптесім тақырыпты тарқөатады.

Ауылдағы байырғы тұрғындардың айтуынша, мектеп 1980 жылдары бастауыш сыныптарға арналып салынған. 80 орындық білім ошғаның бүгінде тозығы жетіпті. Соған қарамастан екі ауысыммен 120 оқушы оқып жүр. Бастауыш қана емес жоғары сыныпта білім алуды. Бұқара жаңа мектеп салуды талап етеді.

Айтжан НАРБАЕВ, МАЛДЫБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

6 баланың әкесімін. Менің балаларым бұл жерде химия пәні, физика кабинеті, еңбек кабинеті, зертхана, алғашқы әскери дайындық ондай мәселе болған жоқ. Оқыған жоқ, ондай кабинеттер болмаған. +Екі кабинет, спортзал қосылатынын біз білген жоқпыз. Қанша қаражат жұмсайсыңдар деп сұраған кезде 250 млн қаражат жұмсаймыз деп айтылды

Қомақты қаражатқа қосарлы құрылыс жүргізгенше, жаңасын салсын деп талай табалдырықты тоздырған. Алайда тығырықтан шығаратын шенеунік таппадық дейді.

Айдынбай МҰҚАНОВ, МАЛДЫБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Біздер оған келіспей жатырмыз. Енді мынау бір жылдан өтіп кетті, ешқандай движение ешқандай қимыл жоқ. Әкім деген қарамайды. Мысалы үшін Жылқыбаев деген зам әкім келді Бердібек Сапарбаевтың. Ештеме ешқандай не қылған жоқ келді кетті болды. Әкім келді ауданның, ол да сондай.

Қазір Малдыбай ауылында жүзден астам түтін бар. Тұрғындар бала саны да жыл санап артып келе жатқанын айтады. Сондықтан жаңа мектеп салып, ескісін балабақша қылса, жаңа жұмыс орындары да ашылатын еді деп отыр. Бірақ білім басқармасындағылар 250 млн. теңге әлі бөлінген жоқ деп ақталды.  

Алмаз ЖАПАРҚҰЛОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
 
Облыстық қаржыдан не болмаса, республикалық қаржыдан ондай ақша қарастырылмаған. Себебі жобалық-сметалық құжаттары әлі әзірленбеген. Сол жобаны 2014-те аяқтауы керек етін. Бүгінгі күнге дейін аяқталмаған. Бірнеше рет сот отырыстары болды.   

Басқарма өкілінің айтуынша, қазір сот үкімі шыққан. Шешімге сәйкес, жауапты мердігер компания смета құжаттарын қайта әзірлеуі тиіс. Жергілікті биліктен қайыр жоқ деген майлыбайлықтар енді ел Президентінен көмек сұрап хат жолдауға бекініп отыр.  

Б. Жұмабайұлы