$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Nur Otan" партиясы қабылдаған бағдарлама, дағдарыстан шығудың нақты қадамдары, - делагаттар

AstanaTV
26.11.2020ж. 20:00
1737
"Nur Otan" партиясы қабылдаған бағдарлама, дағдарыстан шығудың нақты қадамдары, - делагаттар

"Nur Otan" партиясы қабылдаған сайлауалды бағдарлама, экономикалық дағдарыстан шығудың нақты қадамдарын белгілеп берді. ХХ съезге онлайн қатысқан жер-жердегі делагаттардың пікірі осыған саяды. Сондай-ақ, партия коронавирустың кезінде өзінің лидерлік позициясын көрсете білді дейді. Онлайн конференция арқылы съез отырысына қатысқан делегаттар жайлы тілшіміз баяндайды.

"Nur Otan" партиясының кезектен тыс өткен ХХ Съезіне барлық аймақтардағы мүшелері онлайн-конференция арқылы қатысты. Олар саяси ұйым қазіргі қиын жағдайдағы аса маңызды мәселелерге мән беріп отыр деп бағалайды. Жуырда өткен праймериздің өзі, ел ішіндегі жағдаймен жақынрақ танысуға мүмкіндік берді, дейді «Айтыстың ақтаңгері» Мұхтар Ниязов.  

Мұхтар НИЯЗОВ, АҚЫН, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Биыл тұңғыш рет өткен партияның алдын ала сайлауы - праймеризді мен Айтысқа ұқсатамын. Ел аумағында өткен айтыс дебаттарды бүкіл дүйім тамашалады. Пікірталастар ашық және әділ өтті. Белгілі айтыскер ақын ағаларымыз, арқаның сал-серісі атанған Аманжол Әлтаев пен айтастың ақтаңгері атанған Айбек Қалиев осы саяси додада жүзден жүйрік шығып, жеңіске жетті.

Сол сияқты Солтүстік Қазақстан облысының атынан 19 делегат саяси науқанға қатысып, өз ойларымен бөлісті. Олардың арасында жеңіл атлетикадан Азия біріншілігінің жеңімпазы Ирина Эктова да бар. Ол мұндай шараға алғаш рет қатысып отырғанын айтады. Әрі өзіне жасалған құрмет деп санайды.

Ирина ЭКТОВА, СПОРТШЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Партияның республикалық съезіне қатысу мен үшін үлкен құрмет. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына екі жүзден астам маңызды жобалар кірген.

Шынымен, партия алдағы 5 жылға бекіткен құжатта, аймақтар жасаған 216 бағдарламадағы өзекті мәселелер де ескерілген. Әрі ол бағдарламаларды праймеризге қатысқан ел ішінен шыққан түрлі санаттағы кандидаттар ұсынған болатын. Партия өз алдына міндет етіп отырған жұмыстарды бірлесе атқаруға бастауыш партия да білек сыбына кіріспек.   

Нұржамал ӘБЕУОВА, "ЖАРЫҚ" БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Партиямыздың сайлауалды бағдарламасы бекітілді. Сол бағдарламада көптеген көкейкесті мәселелер көтерілді. Енді сол бағдарламада көрсетілген мақсаттарды орындауға біз бастауыш партия ұйымы ретінде атсалысып, барлық қолдан келген жұмысты жасаймыз, деп сендіреміз.


Партияның Нұр-Сұлтан қалалық филиалындағы онлайн-конференцияға қатысқан Жастар саясаты мәселелері басқармасының жетекшісі, әсіресе жас буынға берілген басымдықты жоғары бағалады. Сондықтан сайлауалды бағдарламаның маңыздылығы жоғары деп отыр.  

Дәулет КӘРІБЕК, НҰР-СҰЛТАН қ. ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
 
Алдағы 5 жылдық -дағдарыстан шығудың бірінші нақты қадамы  болады деп айтсақ болады. Өйткені бұл жолғы сайлауалды бағдарлама өзгерек. Ол жалпылама бағдарлама емес. Нақты бағыт-бағдары бар. Азаматтардың өздері қатысқан.
 
Жалпы, «Nur Otan» партиясының праймеризіне еліміз бойынша 10 мыңнан астам үміткер қатысқан болатын. Сын қорытындысына сәйкес 6 мыңнан астам адам «Nur Otan»-ның барлық деңгейдегі 216 мәслихатқа арналған партиялық тізіміне енді. Партияның кезектен тыс съезінде Елбасы мен ел Президенті жариялаған негізгі бағыт-бағдармен танысқан үміткерлер енді қаңтарда өтетін сайлауға білек сыбана дайындалып отыр.

А.Құрманкин, М.Қожахметова, А.Кемелжан