Қазақстандағы
Италия жылы аясында 30-дан астам мәдени шара жоспарланып отыр. Концерттік бағдарламалар қазан айынан бастау
алған. Италияның біздегі елшісі Стефано Раваньянның айтуынша, қазақстандықтар
сол елдің ұлттық әуен, джаз музыкасы, көркем фильмдер және сурет өнерімен
танысып шықты. Ұйымдастырушылар барлық аймақтарды қамтуға тырысып бағуда. Ал бүгіннен бастап астаналықтар атақты италиялық скрипкашы Массимо Куартаның
шығармашылығына тәнті болмақ.
Стефано
Раваньян, Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:
Келесі
аптада маэстро Аричидің көрмесі өтеді. «Венеция» аталатын сурет көрмесі бұған
дейін Мәскеу халқына таныстырылды. Онда Венеция жайлы сыр шертетін 200-ден
астам сурет бар. 50 жылдардан бастап
бүгінге дейінгі тарихи оқиғалар
жинақталған.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА