$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Ауыл» партиясы барлық сайлау учаскілерін өз бақылаушыларымен қамтымақ

AstanaTV
22.12.2020ж. 20:00
2203
«Ауыл» партиясы барлық сайлау учаскілерін өз бақылаушыларымен қамтымақ

«Ауыл» халықтық- демократиялық патриоттық партиясы барлық сайлау учаскілерін, өз бақылаушыларымен қамтымақ. Бұл туралы сайлауды бейпартиялық байқау орталығында өткен жиында белгілі болды.

Саяси науқанды бейпартиялық байқау орталығы да бақылайды. Олар елдің түкпір-түкпірінде орналасқан 10 мыңға жуық сайлау учаскісіне өз байқаушыларын жібермек. Әзірге шамамен 20 мың азамат жасақталып отыр. Бүгін орталық басшылары "Ауыл" партиясының өкілдерімен кездесіп, олардың сайлауалды бағдарламасымен танысты.  

Бану НҰРҒАЗИЕВА, САЙЛАУДЫ БЕЙПАРТИЯЛЫҚ БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Біздің мақсатымыз бір. Ол жаңағы ертеңгі сайлау өте дұрыс деңгейде өту керек. Заңға сәйкес ешқандай құқықбұзушылық болмау керек. Ең дұрысы бірігіп, күштерімізді ертеңгі сайлауымыз жақсы өтсін, дұрыс, адал, әділетті болсын болсын деп тілнейміз бәріміз.

Партия өкілдері де әр учаскеге өз бақылаушыларын жібермек. Эпидемиялогиялық ахуалға байланысты әзірге соның 3 мыңы дайын отыр. Олар үгіт-насихат шараларын жүргізуде де қалыс қалып жатқан жоқ. 17 өңірде де арнайы штаб құрып, қауырт жұмыс жүргізіп жатыр. Сайлауалды бағдарламаларында ауыл шаруашылығы мен шетелдегі қандастарымызды толғандырған мәселелерді шешуге басымдық беріп отыр.

Төлеутай РАХЫМБЕКОВ, "АУЫЛ" ХАЛЫҚТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Проблемалар көп екен. Мысалы, келген азамат осы жерде өз-өзін қазақ екенін дәлелдеу үшін мысалы 2-3 жылға дейін уақыт алады екен. Жаңағы заңнамалық актілерде, ережелерде сөйтіп көрсетілген. + Қытайдан да, Моңғолиядан да, Өзбекстаннан да, Ауғаннан да. Басқа жақтан да. Бірақ сол кішкене кедергі болып жатыр.


Естеріңізге сала кетейін, "Ауыл" партиясынан саяси науқанға 625 үміткер тіркелген. Оның 19-ы Парламенттің төменгі палатасына болса, қалғаны жергілікті мәслихаттардағы орындар үшін бақ сынамақ.

А. Мүтәлі