$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақжолдықтар үгіт-насихат жұмыстарымен Маңғыстауда жүр

AstanaTV
29.12.2020ж. 20:00
1485
Ақжолдықтар үгіт-насихат жұмыстарымен Маңғыстауда жүр

«Ақ жол» демократиялық партиясы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жолы партия белсенділері маңғыстаулық сайлаушылармен кездесті.

Партиялықтар жиналғандардың ұсыныстарын тындап, сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар сайлауалды бағдарламаларын егжей-тегжей түсіндірді. Әсіресе кәсібін енді бастаған кәсіпкерлерді қолдау үшін, бірқатар мемлекеттік төлемдерден босатуды ұсынып отыр. Ал, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар салық төлемеуі керек деген ұстанымда. Себебі, эпидемия кезінде түйіткілді түйіндерді шешуде орта және ірі өндіріс орындары, маңызды рөл атқарғанын тілге тиек етті.
 
Берік СӘЛІМЖАНҰЛЫ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біздің бағдарламада үлкен экономикалық блок бар. Мынау бүгін онсыз да жаңадан көктеп келе жатқан кәсіпкерлікті құртып кеткен пандемия кезінде, үлкен-үлкен нақты шаралар жасауымыз қажет. Ауылда жанын бағып отырған, ауыл кәсіпкерлерінен барлық салықты толықтай алып тастау қажет. Кәсіпкерлер есін жинап, өз арнасына түскенше салықты алып тастауымыз керек.

Партия өзінің сайлауалды бағдарламасын экономиканы нығайтудан бөлек, нарықтық және бәсекелестік қағидаларды дамытуға арнаған. Әлеуметтік мәселелер мен оларды шешу жолдарына да басымдық беріп отыр. Айта кетейік, "Ақ жол" демократиялық партиясы алдағы саяси додаға 38 кандидат ұсынып отыр.

Мұрат ЖЕКСЕНБИЕВ, КӘСІПКЕР:

Ұсыныстары, жаңа кітаптарын оқып шықтым. Соның ішінде барлық программалар орындалуы керек деп ойлаймын. Жаңа айтып кеттім ғой, 10-20 процентке орындалса да, біз қуанамыз. Жаңағы жігіттердің айтып отырғандары іске асы берсін деймін

Ғ. Өтемісов