$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елде барлық деңгейдегі әкімдерді сайлау арқылы таңдау қажет - "Ақ жол" партиясы

AstanaTV
06.01.2021ж. 20:00
2282
Елде барлық деңгейдегі әкімдерді сайлау арқылы таңдау қажет - "Ақ жол" партиясы

"Ақ жол" партиясы Қазақстанда барлық деңгейдегі әкімдерді сайлау арқылы таңдауды ұсынады.  Мұндай идеяны партия мүшелері Өскеменде өткен кездесуде көтерді.

"Ақ жол" партиясының мүшелері үгіт-насихат науқанымен Өскеменге барды. Шығыста олар, ерікті жастар, автопарк қызметкерлері және тау-кен өндіру кәсіпорыны жұмысшыларымен жүздесті. Зауытта өткен кездесуде Азат Перуашев, нормативтік құжаттарды қабылдау кезінде "Ақ жол" партиясы үнемі кәсіпкерлер мен өндірушілерді қолдайтынын, жеткізді. Оның маңызды тұстары партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген.

Азат ПЕРУАШЕВ, "АҚ ЖОЛ" ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

"Ақ жол" партиясы бүгінде әлеуметтік-экономикалық проблемаларды елеулі саяси өзгеріссіз шешу мүмкін емес деп есептейді.  Бұл үкіметті жасақтау мәселелерін де қамтиды. Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент сияқты мегаполистер мен облыс орталықтарын қоса алғанда, барлық қала әкімдерінің сайлануы соның бір көрінісі. Тұтастай алғанда, атқарушы биліктің қоғам алдындағы, оның ішінде мәслихаттардың өкілді органдарының алдында есеп беруін арттыру керек деп есептейміз.

Үгіт-насихат тобы өңір тұрғындарымен де бірқатар мәселені талқылады. Сайлауалды бағдарламаларын түсіндірді. Көпшілікті әсіресе баспана мәселесі қызықтырды. Ал, бұл мәселеде "Ақ жолдың" ұсынысы бар. Жеңілдетілген несие отыз жасқа дейінгі отбасылардың әлеуметтік жағдайын қолдау және баспаналы болуға мүмкіндікті арттырады. Мысалы, бір бала өмірге келсе несие үстемесі 25 пайызға азайтылмақ. Екінші сәби үшін де осындай жеңілдік қарастырылған. Көпбалалы отбасылар үшін несие үстемесі толықтай кешірілмек. Бұл - «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі. Үміттері ақталса, берілген уәдені орындауға дайынбыз, дейді саяси ұйым өкілдері. Айта кетейік "Ақ жол" демократиялық партиясынан 700-ден астам кандидат алдағы сайлауда түрлі деңгейдегі мәслихаттар мен Парламент Мәжілісіндегі депутаттық мандаттар үшін күресетін болады.

Ғ. Өтемісов