Қыс қаһарына мінгеніне қарамастан Қазақстан халық партиясы өкілдері Алматыда ерекше флешмоб өткізді. Белсенділер партия нышанындағы жұдырықты бейнеледі.
Үгіт-насихат жұмыстары аясында халықтық партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып жүрген белсенді топ бүгін Алматыда ерекше флешмоб өткізді. Шаһардағы ауа-райына қарамастан жиналып, партия нышанындағы жұдырықты бейнеледі.
Шара 6 күннен кейін өтетін Мәжіліс және Мәслихат сайлауына орайластырылған. Партия бұл жерде дайындығын көрсетіп қана қоймай, сайлауалды бағдарламасын да таныстырды.
Эльмира ӘУЕЗОВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Біздің сайлау алды бағдарламаны нақты орындағанымызға және бағдарламамыздың мақсатының нақты негізді екенін халқымыз үшін жасалынып жатқанын көрсету үшін осы флешмобты ұйымдастырдық.
Партиялықтар республиканың әр облыс, қаласында филиалдары қызу жұмыс істеп жатқанын айтады. Халықпен кері байланыс орнатып, үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып келеді. Мәселен бір ғана Алматы қаласында 50-ге тарта кездесу өткен.
Эльмира ӘУЕЗОВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Кешегі күнде 48 үгіттеу-нәсихаттық іс-шаралар өткізді. Телевиденияда, онлайн, офлайн жүргізіп және электрондық журналға келіп түсіп жатқан шағым-арыздар және ұсыныстар келіп жатыр. Сайлау алды бағдарламамыз үлкен болғандықтан ішіндегі нақты нәтижиелерге сұраныстар көп деп жатыр. Соны орындаймыз деп сенімдіміз.
Айта кетейік, Мәжілістің соңғы екі шақырылымында төменгі палатадан орын алған Қазақстан халық партиясы 7-ші шақырылымнан да дәмелі. Осы жолғы додаға кандидат ретінде 113 адамды ұсынып отыр. Бүгінгі күні партияның 14 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада штабы бар. Олар үгіт-насихат жұмыстарына ат салысып келеді.
Ә. Өмірзақ