$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Қорғау» кеншілер кәсіподақ ұйымы Арселор Миттал Теміртауды сотқа берді

AstanaTV
14.09.2017ж. 20:00
2989
«Қорғау» кеншілер кәсіподақ ұйымы Арселор Миттал Теміртауды сотқа берді

Қарағандыда кеншілер дауы бас көтерді. «Қорғау» кәсіподақ ұйымы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясын сотқа берді. Олар кәсіпорынның  тиісті жеңілдіктерді сақтауын талап етуде. Себебі компания ұжымдық келісімшартта белгіленген бірқатар жеңілдіктерді алып тастамақшы. Бұл туралы «Астана» телеарнасына кәсіподақ ұйымының төрағасы мәлімдеді.

Марат Миргаязов, «Қорғау» көміршілер кәсіподағы ҚБ төрағасы:

66 күндік демалысты 50 күнге қысқартпақшы. Жер астында көмір қазатын проходчиктер 63 жаста зейнетке шығатынын ескерсек, олар демалып та үлгермейді деген сөз. Оның үстіне қазір жер асты топтарында 1 мыңдай адам жетіспейді. Есесіне жұмыс ауыр, бұл қауіпсіздікке әсер етеді.

Кәсіподақ ұйымы өкілінің сөзінше, компания мұнымен қоса шахтерлар мен металлургтерді, олардың отбасы мүшелерін сауықтырудан, қауіпті ошақтарда жұмыс істейтін  кеншілерге қосымша ақы төлеуден бас тартып отыр. Бұл жеңілдіктер  ұжымдық келісімшарт бойынша іске асып келген. Құжатты компания басшылығы мен кәсіподақ ұйымы, индустрия және инновациялық даму министрлігі мақұлдаған. Соған қарамастан, Арселор Миттал Теміртау жеңілдіктерді келісімшарттан алып тастап, арнайы жеке актіге енгізбекші.

«Астана» арнасына кәсіпорын басшылығы бұрынғы уәдені осылай сақтайтынын мәлімдеді. Алайда, кәсіподақ ұйымы келісімшарттың толық сақталуын талап етіп отыр. Бүгінде сот отырыстары басталып та кеткен. «Қорғау» және «Жақтау» кәсіподақ ұйымдары мәселені шешуді сұрап, ведомстволық министрлікке және Лондондағы Лакшми Митталға хат жолдады.