$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстандағы мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат етілді

AstanaTV
05.02.2021ж. 20:00
2298
Қазақстандағы мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат етілді

Қазақстандағы мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат етілді. Елдің бас санитарлық дәрігері, жаңа қаулыға қол қойды. Онда карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету көзделген. Бірақ бұл жеңілдіктер барлық облысқа қатысты емес. COVID-19 бойынша эпидемиолгиялық жағдайды бағалау матрицасындағы "қызыл және сары" аймақтарда карантин талаптары өзгермейді. Айта кетейік, "қызыл аймақта": Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

Ерлан ҚИЯСОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Мешіттерде толымдыдығы 30% дейін, бірақ 100 адамнан аспаған кезде бес уақыт намазға оқуға рұқсат етілген. Сыйымдылығы 150 адамға дейін, толымдылығы 25% аспайтын мешіттерде, ауылдық жерлерде ғана жұма намазына рұқсат етіледі.

А. Данияр