Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Astana LRT құрылысы қайта жанданды

AstanaTV
10.02.2021ж. 20:00
2669
Astana LRT құрылысы қайта жанданды

Сақалды құрылысқа айналған Astana LRT қайта жанданатын болды. Бірақ қашан екенін елорданың әкімі Алтай Көлгінов нақтыламады. Жобаға қаражат банктерден инвестиция тарту арқылы іске аспақ. Халыққа онлайн есеп берген Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, тоқтап қалған құрылыстың қазіргі кейпі, қала көркін құртып тұрғанымен келіседі. Сондықтан жобаны аяғына дейін жеткізбекші.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:


LRT құрылыс елордалықтардың барлығын толғандырып отыр. Пандемия кезінде оның құрылысын жалғастыру мәселесі тоқтап қалған еді. Өйткені, Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінен ғана емес, сонымен бірге халықаралық банктерден де сыртқы займ тарту қажет болды. Қазіргі уақытта бұл жұмыс қайта жанданды.


Айта кетейік, бұл жобаға 2015 жылы бюджеттен 156 млрд теңге бөлінген. Жоспарға сәйкес өткен жылдың маусым айында аяқталуы тиіс еді. Бірақ 2018 жылы қаржылық проблемаларға тап болды. Артынша құрылыстың басы-қасында жүрген бірқатар лауазымды тұлғаларға "ақша жымқырды" деген айып тағылды. Шетелге қашып үлгергендері арасында әлі де қолға түспегендері бар.  

Ә. Өмірзақ