Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

АҚШ-тағы қатты суық ел билігін алаңдатып отыр

AstanaTV
18.02.2021ж. 20:00
2622
АҚШ-тағы қатты суық ел билігін алаңдатып отыр

АҚШ-тағы сарышұнақ аяз, билікті алаңдатып отыр. Суықтан 21 адам қайтыс болды. Сонымен бірге, ауа райының нашарлауынан, 3 миллионға жуық баспана жарықсыз қалды. Ал, ауыз судан ажыратылғандарда аз емес. Табиғаттың тосын мінезінен жол-көлік апаттары да жиілеген. Мамандар аяз демалыс күндеріне де жалғасады.

Табиғи апат Остин мен Техас супермаркеттеріне үлкен соққы алып келді. Мұндағы сөрелер босап халықтың көптігінен кезек пайда болған. Жергілікті тұрғындар ауа райы шамадан тыс суып, электр қуаты үзілген соң керек жарағына алып қамданып жатыр. Азық-түліктен қиындық туындамағанымен, жылу халықты әбден әлекке салған. -35 градус суықта жылу генераторлары да істен шығыпты. Нәтижесінде, Техаста 3 миллионнан астам адам электр жарығынсыз қалды.
   
Роберт ПИРС, ДЕНТОН ТҰРҒЫНЫ:

Мен өртенеді деген заттың бәрін қалдырмай өртедім. Бұл әрине, өте қорқынышты жағдай. Ақыры жақсы болса екен деп тілеймін. Бірақ бәрі аяқталған соң ахуалды оңалтуға бірдеңе ойластыру керек.

Көп адамдар жылыну үшін көліктерінде отыр. Ал, басқалары каминді пешін қолданып жатыр. Бірақ көбінесе бұл өрттің пайда болуына әкеледі. Мысалы, дәл осындай жағдай Шугар-Лендте орын алып, әйел мен үш бала қайтыс болды.

Даг ЭДОЛЬФ, ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:

Бұл отбасы 8 сағаттай электр қуатынсыз отырған. Олар камин пешін жағуы мүмкін немесе шамдарды қолданған шығар. Біз өрттің шығуына не себеп болғанын айта алмаймыз. Өкінішке орай өте қорқынышты жағдай. 41 жастағы әйел мен балалары бір мезетте көз жұмды.

Адамдар электр энергиясын шамадан тыс қолдануынан сымдар үзіле бастаған. Жел генераторлары да жаппай істен шықты. Тіпті, құбырларға мұз қатқан. Алдағы демалыс күндері де аяз жалғасатынын мамандар ескертті.

Грег ЭББОТ, ТЕХАС ГУБЕРНАТОРЫ:


Қазір шамамен 10 мың мегаватт желіден ажыратылды. Адамдар қандай шешімдер қабылданатынын білгісі келеді. Бірақ бұл бізге байланысты емес. Электр энергиясы мен көлікке қатысты проблемалар бірнеше күн бойы сақталады.


Бұрын-соңды болмаған аязға байланысты, вакцинация жасайтын орталықтар жабылды, өйткені препараттарды сақтайтын орын жоқ. Сегіз мың дозаны Техастағы аудандық ауруханаларға апарып, бұзылмай тұрып қолдану керек. Бұдан бөлек, көктайғақтан көлік апаттары жиілеген. Хьюстонның өзінде 120-ға жуық апат тіркелді. Осы уақытқа дейін 21 қаза тапқандығы хабарланды. Бірақ билік өкілдері бұл сандар алдағы уақытта да көбейетінін айтып отыр.

А. Данияр