Нұротандықтар қайырымдылық жасауды жалғастыруда. Бұл жолы Парламент мәжілісінің депутаты, фракция мүшесі Мәди Ахметов, Алматыдағы емханалардың біріне екі оттегі концентраторын сыйға тартты. Ол аталған медициналық мекемеде оттегі концентраторы тапшы болған деп отыр. Осы уақытқа дейін мұнда бір ғана құрылғы болған.
Мәди АХМЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Нөмірі 36-шы қалалық емханаға арнайы екі ауа оттегі концентраторын әкеліп табыстадық. Мына қалалық «Nur Otan» партиясының филиалымен бірлесе отырып. Қазір қаладағы эпид ахуал қиындап келе жатыр. Барлық күш-жігерімізді осы медицина саласында қызмет жасап жатқан азаматтарға жұмылдыру керек.
Ал дәрігерлер бұл күтпеген, әрі қажет сый екенін жасырмады. Енді олар құралдардың бірін емханаға, ал екіншісін жедел-жәрдем көлігіне орналастырмақшы.
Гүлжайнат ТІЛЕГЕН, АЛМАТЫ қ. № 36 ЕМХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Бұл құралдар коронавируспен күресу үшін өте маңызды. Біздің емханаға нағыз қажетті заттар. Сондықтан партия мүшелеріне үлкен алғысымызды білдіреміз.
Ә. Лесбек