$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбелік полицейлер шенеуніктермен соттасып жатыр

AstanaTV
02.04.2021ж. 20:00
2944
Ақтөбелік полицейлер шенеуніктермен соттасып жатыр

Қармен еріген қара асфальт. Ақтөбелік полицейлер шенеуніктерді сотқа берді. Шаһар жолдарының шұңқырынан тұрғындар түгілі, тәртіп сақшылары да шаршаса керек. Ал, көлік тізгініндегілер болса, үнемі көлігін жөндетеміз деп шағымданады. Тәртіп сақшылары тым болмаса жолды жамап, ойылған тұсын орнына келтіруді талап етіп отыр. Бірақ билік өкілдері әзірге тұрғындар өтініші мен полиция ұйғарымын орындауға асықпай отыр.

Көктем сайын Ақтөбенің көшелері сай-сала, сан шұңқырға айналады. Қаланың шеті түгілі қақ орталығы  осындай күйге түседі. Көлігін аяған көпшілік жылдамдықты баяулатып, нашар тұсын айналып өтуге тырысады. Бірақ бәрібір темір тұлпар шұңқырға сүрінеді .Үнемі көлік жөндетуден көз ашпадық дейді жүргізушілер.

БЛИЦ:

- Мен елу жыл рулдемін. Ақтөбеде мынадай жол болып көрген жоқ. Жол өте жаман. Мынау деген масқара ғой.

- Что дороги, то яма, то канава. Асфальт только положат, уже колея появляется. Нам еще далеко до стандартов мировых.


Сапасыз жол, тіпті жол сақшыларының да тағатын тауысқан сыңайлы. Соңғы екі аптаның ішінде автокөлігін зақымдаған бес адамнан арыз түскен. Полицейелер көшелерді зерттеп коммуналдық мекеме өкілдеріне он күнде жолды қалыпқа келтіруге уақыт берген.

Еркін ӨТЕГЕН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

ҚР автокөлік жолдары заңына сәйкес бұл жұмыстарды  жөндеу осы жол иелеріне жасауға жүктелген.Сол себептен біздер осыған дейін  тексеру жұмыстарны жүргізіп осы ақаулар мен шұңқырларды  орнына келтіру бойынша ұйғарым берілді. Алайда орындалмады. Сол себептен тұрғын үй шаруашылық мемлекеттік мекмесінің лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік іс қозғалып, қазіргі уақытта мамандандырылған әкімшілік соттың қарауына жіберілді.

Алайда қалалық бөлім, полицияның ұйғарымын орындауға асығар емес. Әзірге жолдың шұңқырын жамайтын жан жоқ. Ауа –райы да қолайсыз деп сылтауратты.

Науаи ӘМІРБЕК, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

Ауа райының қолайсыздығына байланысты және де байқау қорытындысы әлі де шыққан жоқ. Мердігер мекеме осы жылға. Сондықтан ұйғарымды  орындау мүмкін емес болып тұр.

Бөлім маманы жолды жөндеу жұмыстарына мамыр айында байқау жариялаймыз деді. Сол тұста мердігер  де анықталмақ. Ал әзірге жолдың ойылған тұстарын таспен бітеп жатыр.

З. Санай