$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елде әрбір үшінші жол апаты жаяу жүргіншілердің қатысуымен болады

AstanaTV
16.04.2021ж. 20:00
2019
Елде әрбір үшінші жол апаты жаяу жүргіншілердің қатысуымен болады

Өткен жылы ел ішінде 13 мыңнан астам жол апаты болған. Әрбір үшінші жол апаты, жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алған. Ең сорақысы, оның 500-ден астамы өлім жағдайымен аяқталған. Бұл - Бас проккратураның талдау орталығы жасаған мәлімет. Жауаптылар жол апатын неге азайта алмай отыр? Әріптесім Бекболат Сатуов, тақырыпты тарқатады.

Бұл - Алматы облысы Қорам ауылында бір жарым ай бұрын болған қайғылы жағдай. Жол жиегінде кетіп бара жатқан мектеп оқушыларын, 54 жастағы УАЗ көлігін тізгіндеген жүргізуші қағып кеткен еді. Екеуі қыршынынан қиылды. Көлік жүргізушісі сол сәтте ішімдік ішкен деген деректе бар. Көлік апаты қазір күн сайын орын алуда. Әлеуметтік желіде мұндай оқиғалардан көз сүрінеді. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласының өзінде, өткен 3 айда 112 жазатайым оқиға болып, 4 адам қайтыс болған.

Бауыржан ТОҚЖҰМАНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Көбінесе ол жаяу жүргіншілердің қатысуымен болады. Жаяу жүргіншілер жолдың белгіленбеген жерінен өтуіне байланысты. Бағдаршам тыйым салынған түсінен өтуіне байланысты, жол көлік оқиғасына әкеп соқтырады.

Айта кетейік, елде 2018 жылы жылы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгертулер енгізілген болатын. Мақсат апатты оқиғалардың алдын-алу еді. Алайда нәтижесі көңіл көншітпейді.
 
Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Талдау көрсеткендей, 2020 жылы елдегі әрбір үшінші жол-көлік оқиғасы, кісі өлімімен аяқталған жол апатының әрбір төртіншісі жаяу жүргіншімен байланысты. Сонымен қатар, әрбір бесінші апат жылдамдықты асыруға байланысты орын алады. Мәселен осындай себептермен өткен жылы 2 783 апат тіркелді. Одан 397 адам қайтыс болса, 3 508 тұрғын түрлі жарақат алған.

Жол көлік апаттары, негізінен жылдымдықты асыру және жаяу жүргіншілердің жолды кесіп өтуінен орын алады екен. Осыған сай жауапкершілікті күшейту қолға алынған. Мақсат жазатайым оқиғалардың санын азайту.

Б. Сатуов