Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде мемлекеттік монополия болмауы тиіс. Бұл туралы бүгін қоғамдық сарапшы Рахым Ошақбаев "Астана" телеарнасына берген сұхбатында осылай деді. Бұған дейін президент жаңа жүйені сүріндірмей, қайта қарастыруды тапсырған еді.
Рахым Ошақбаев, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры:
Менің ойымша, бұл жерде жекеменшік сақтандыру қорлары болса, бәсеке пайда болады. Бәсеке болса, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасы да арта бастайды. Сол кезде әр адамда өз таңдауы пайда болады. Өзіңіз қалаған және сенім білдірген қорға қаржыңызды салатындай. Дәл осы бәсекеге қабілеттілік арқылы біз жақсы сапаға жетеміз. Біз бұны енгізуге талай рет тырысқанбыз, алайда қазіргі мүмкіндіктерге қатысты жасай алмаймыз.
Сонымен
қатар, сарапшының айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтау реформасын қайта қарауға қоғамдық сарапшылармен құралған арнайы жұмыс тобы атсалысуы
керек. Айта кетсек, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына алғашқы екі айдың
ішінде 6 млрд теңге жиналған.