АҚШ штаттарында бензин тапшы. Бекеттерде ұзын-сонар кезек толастар емес. Қазірдің өзінде 10 мыңға жуық станция жанармайсыз қалған. Осының салдарынан көлеңкелі сауда артып, тіпті кей жерлерде бензинді целлофан пакеттерге құйып таратуда. Бұл -қауіпсіздік ережелеріне қайшы. Алайда, ауадай қажет бензинге деген сұраныс кәсіпкерлерді осындай қадамға баруға мәжбүр еткен.
Гари ШЕРИН, АТЛАНТА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Мен мұнда 20 минут тұрдым. Менің ойымша, құбырлардағы кибершабуылдың салдарынан бүкіл Атланта газсыз қалды. Адамдар жапа-тармағай, аздап болсын жанармай сатып алсақ деп жанталасып жүр.
12 штатқа жасалған кибершабуыл бензин тапшылығына әкелді. Бірнеше штатта төтенше жағдай режимі енгізілді. Алайда халық арасында дүрбелең туып, бағаның шарықтап кеткені байқалады. Ал Ақ үй басшылары халықты сабырға шақыруда. Бірақ жанар – жағармай құю бекеттерінде бензиннің қашан пайда болатыны әзірге белгісіз.
Ғ.Өтемісов