Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Алматыда жер үйлерге жапсарлас салынған бетон зауытта жарылыс болды

AstanaTV
08.06.2021ж. 20:00
1830
Алматыда жер үйлерге жапсарлас салынған бетон зауытта жарылыс болды

Алматыда жер үйлерге жапсарлас салынған бетон зауытта жарылыс болды. Абырой болғанда апаттан зардап шеккендер жоқ.

Дегенмен өндірістен шыққан шаң-тозаңнан айналысындағы баспаналардың біразы ластанған. Аппақ қалдықтардан жергілікті тұрғындардың демікпесін қоздырып, тыныс алуын қиындатты.

Таңшолпан ӘУЕЗОВА, ЖЕТІСУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жарылыс болған кезде мен екі баламмен жүрдім далада. Жасыл шөптердің бәрі сұп сұр боп кетті. Демала алмай, тыныс ала алмай қалдық. Бұлар экологияны ластап жатыр. Адамдардың денсаулығына нұқсан келтіріп жатыр.


Қалалық экология департаментінің өкілдері жарылыстың нақты неден болғанын анықтаған. Олар тұрғындардың шағымына қатысты тергеу жұмыстарының басталғанын мәлімдеді.

Алмат ӘЛҚОЖА, АЛМАТЫ қ. ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
 
Экология Департаменті қызметкерлері оқиға орнына барып, атмосфералық ауадан сынама алды. Шаң ластаушы көзінің рұқсат етілген көрсеткіштен 3 есе ауытқу фактісін анықтады. Алдағы уақытта Нұртау темір ЖШС жоспардан тыс тексеріс ашып мән жай анықталатын болады.

Ә. Лесбек