Қазақстандықтар Газа секторынан эвакуацияланды. Бас-аяғы 112 адамды алып шыққан екі ұшақта отандастарымыздан бөлек, Ресей, Украина азаматтары да бар. Мысырдың Каир халықаралық әуежайынан ұшып шыққан әуе көліктері, Мәскеуге қонуы тиіс. Жолаушылар арасында қанша жерлесіміз бар екені, әзірге белгісіз. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі нақты ақпарат бере алмады. Израиль мен Газа секторы арасындағы шекарадағы жағдай 10 мамырда кешке қарай ушығып кетті. Соңғы ақпарат бойынша, Израильде 12 адам мерт болса, қаза тапқан палестиналықтардың саны 243-ке жеткен.
Б. Сатуов