Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Әскерде жүріп ажал құшқан баласының өліміне ата-анасының айтары бар

AstanaTV
18.06.2021ж. 20:00
2346
Әскерде жүріп ажал құшқан баласының өліміне ата-анасының айтары бар

Оралдағы әскери бөлімде атылып қалған 21 жастағы сарбаздың денесі, туған жері Ақтөбеде жерленді. Қайғыдан қан жұтқан ата-ана баласы өзіне-өзі қол салды дегенге сене алар емес. Өмірге құштар ұлының мұндай әрекетке баруы мүлдем ойға қонымсыз дейді. Өйткені жиі хабар алып тұрғанын, ешқашан шағым айтпағанын дәйек қылды. Соңғы рет қайғылы оқиға болардан 2 күн бұрын тілдесіпті.


Гүлшат ЖҰБАТҚАНОВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:

Мен стрессоустойчивимын,ол маған тартқан. Өзін-өзі атуы мүмкін емес. Өзі никогда ондай жасамайды. Сол айтатыным. Маған менің балама кешегіде инстаграмда , бүткіл неде бәрі айтып жатыр,суицид деп. мен келіспеймін. Жала жаппасын менің балама. Менің баламды қараламасын.


Бұдан бұрын хабарлағамнымыздай, қайғылы оқиға әскери бөлімде 16 маусым күні болды. Әскери бөлім басшылығының мәлімдеуінше, жауынгер күзетте тұрғанда өзін өзі қарумен атқан. Ауыр хәлде ауруханаға жеткізілгенімен, өміріне араша бола алмады. Тергеу әрекеттеріне байланысты басқа ақпараттар әзірге жарияланбай отыр.


Б. Сатуов