Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Аналар балалар қоспасының жоқтығына шағымданды

AstanaTV
18.06.2021ж. 20:00
2133
Аналар балалар қоспасының жоқтығына шағымданды

Аналар "балалар тағамы тапшы" деп дабыл қақты. 1 жасқа дейінгі сәбилерге арналған қоспаны мемлекет береді. Бірақ қазір ол азайды дейді аналар. Егіздердің анасы Зубидям Палтиеваның айтуынша, екі балаға небәрі 12 қаптама қоспа беріледі. Бірақ, бұл 10 күнге әрең жетеді дейді. Ал, қалғанын жас ана өзі сатып алады, оған 100 мың теңге жұмсайтын көрінеді. Балалар 6 айлық болғаннан кейін тағам қоспасының көлемі тіпті азайып кеткенін айтады.


Зубидям ПАЛТИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бала алты айдан бастап аралас тамақтандыруға көшеді. Ал қоспаны 12-ден 8 қаптамаға дейін азайтты. Жетпей жатыр. Баланың ағзасы өсіп келе жатқандықтан қоспа бұрынғыдан да қажеттірек.


Бұл мәселе халық қалаулыларының да назарында. Мәжіліс депутаттары үкіметке сауал жолдады. Юрий Жулиннің сөзінше, балалардың тағамын сатып алуға соңғы 3 жылда 6 миллиард теңгеге жуық ақша бөлінген. Бұған қарамастан, емханаларда өнімнің жеткіліксіздігі байқалады. Сондықтан депутат, мемлекет аналарға тағам емес, соның ақшасын беру керек дейді.


Юрий ЖУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мемлекет барынша көмек көрсетіп жатыр. Бірақ, нәтиже көңіл көншітпейді. Мәселені шешудің бір жолы-монетизациялау. Біріншіден, бала емізетін аналар ай сайын банкі тасып жүрмейді. Және өздерінде тағамды таңдау мүмкіндігі болады. Бұл емханалар үшін де тиімді. Сатып алу жұмыстарымен айналыспайды.


Бұл мәселеге қатысты біз денсаулық сақтау министрлігіне хат жолдадық. Балалар тағамының жетіспеушілігінің себебі неде екенін жақын күндері айтатын болады.


Л. Қуанышқызы